Размер шрифта:

Должностная инструкция педагога-ассистента

Дата: 2023-12-05 10:10:07

 

 

Педагог-ассистенттіңлауазымдық нұсқаулығы

 

1.     Жалпы ережелер

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №169 бұйрығы, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы заңы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі “Білім туралы” №319 заңы, мектеп жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелері және «№16 жалпы білім беретінмектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жергілікті нормативтік актілері негізінде жасалды.

 

2.     Негізгі міндеті:

1.1. Педагог-ассистент лауазымына мектеп директоры тарапынан қабылданады және босатылады.

1.2. Педагог-ассистенттің жоғары немесе орта кәсіби білімі болуы тиіс. Педагогикалық жұмыс өтілі талап етілмейді.

1.3. Педагог-ассистент тікелей директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына бағынады.

 

3.     Квалификациялық талаптар:

Критерилер

Талаптар

Білімі

Техникалық және кәсіптік білім беру бағыты бойынша "Арнаулы білім" жұмыс өтіліне талап етілмейді немесе техникалық және кәсіби білімі, педагогикалық мамандықтар бойынша, сертификаты болған жағдайда бағыты бойынша біліктілікті арттыру қызметі, бұл ретте үміткер біліктілік санаты педагог.

Және (немесе) орташа біліктілік деңгейі болған жағдайда педагогикалық өтілі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл болуға тиіс.

Білуі тиіс

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін,

әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдарды, білім саласындағы уәкілетті орган ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және ұстау, жас және арнайы психология мен педагогиканы,

психодиагностика негіздерін, білім алушылардың мінез-құлқын алдын алу және түзету әдістері мен тәсілдерін, инновациялық психологиялық-педагогикалық технологияларды, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеудің интерактивті әдістері мен тәсілдерін,

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.

Лауазымдық міндеттері

Жалпы үлгідегі білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.

Білім беру ұйымдарында болған барлық уақыт ішінде, олардың дербес қызметі денсаулық жағдайы бойынша шектелген жағдайда, ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға көмек көрсетеді.

Көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға орнын ауыстыру, өзіне-өзі қызмет көрсету (киінуге, шешінуге көмек көрсетеді), емдеу-алдын алу іс-шараларына ілесіп жүруге. көмек көрсетеді.

Мұғалімнің басшылығымен білім беру, түзету-дамыту процестеріне қатысады.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсыныстарына сәйкес мұғалімге, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарына көмек көрсетеді.

Инклюзивті білім беру процесіне қатысушылар арасындағы қақтығыстардың алдын алуға қатысады, сондай-ақ сыныптағы білім алушылардың теріс мінез-құлқын алдын алады және жеңеді.

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларды тексеруіне, сондай-ақ жеке білім беру бағдарламаларын (оқу жоспарларын), оның ішінде мінез-құлық бағдарламаларын құрастыруға қатысады, оқушының ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қысқартылған (бейімделген) оқу бағдарламалары мен оқу материалдарын іске асыруды қамтамасыз етеді.

Оқыту және түзету-дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы туралы мәліметтерді жинауды, жеке білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін хаттамалауды, оқушының оқу, әлеуметтік-бейімделу (мінез-құлық) дағдыларының даму динамикасын, оқыту процесінің динамикасын және оқушының әлеуметтенуін мониторингілеу үшін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мұғалімдері мен мамандарына ақпарат беруді жүзеге асырады.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің қажетті жағдайларын сақтайды, жүргізу кезеңінде қорғау педагогикалық режимін сақтайды.

Әртүрлі нанымдар мен көзқарастарға төзімділікті, білім беру процесіне қатысушылардың мәдени әр алуандығына ашықтықты көрсетеді және инклюзивті білім беруді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарға қоғамның толерантты көзқарасын насихаттауды жүзеге асырады.

Белгіленген нысан бойынша есеп беру құжаттамасын жүргізеді.

Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

 

4.     Құқығы

 

Педагог-ассистент мынаған құқылы:

4.1. Мектеп Жарғысында белгіленген тәртіп бойынша басқаруға қатысуға.

4.2. Кәсіби абырой, намысын қорғауға.

4.3. Өз жұмысына баға берілген арыз-шағымдармен, өзге де құжаттармен танысуға, оларға тиісінше түсінік беруге.

4.4. Заңда қарастырылған кейбір жағдайларды қоспағанда, тәртіптік (қызметтік) тергеп-тексеру құпиялылығының сақталуына.

4.5. Оқушылармен жұмыс жүргізу түрлері мен әдістерін еркін таңдауға және оны жалпы жұмыс жоспары мен педогогикалық мақсаттарға сәйкес жоспарлауға.

4.6.Біліктілігін арттыруға.

4.7. Тиісті біліктілік санатына ерікті түрде аттестатталуға және аттестациядан ойдағыдай өткен жағдайда оны иеленуге.

4.8. Оқушыларға сабақ пен үзіліс кездерінде сабақты ұйымдастыру мен тәртіп сақтауға қатысты міндетті тапсырмалар беруге, мектеп Жарғысы мен Оқушыларды ынталандыру және жазалау туралы ережелерде белгіленген жағдайлар мен реттерде оларды тәртіптік жазаға тартуға.

 

5.     Жауапкершілігі

 

5.1.Мектеп Жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, өзге де жергілікті нормативтік актілерді, мектеп директорының бұйрықтарын, осы нұсқаулықта белгіленген лауазымдық міндеттерді дәлелсіз себептермен орындамағаны үшін Педагог-ассистент еңбек заңнамаларында белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Еңбек міндеттерін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза ретінде жұмыстан босату шарасы қолданылуы мүмкін.

5.2. Оқушының жеке басына тәрбиенің күштеу және (немесе) психикалық қысым жасау әдісін бір рет те болса қолданғаны үшінПедагог-ассистент ҚР еңбек заңнамалары мен "Білім беру" туралы заңына сәйкес қызметінен босатылуы мүмкін.

5.3. Өз лауазымдық қызметін атқару кезінде мектепке келтірген залалы немесе оқу үдерісінде қатысушыларға тигізген зияны үшін Педагог-ассистент еңбек және (немесе) азаматтық заңнамаларда белгіленген көлем шегінде материалдық жауапкершілікке тартылады.

 

6.     Лауазымы бойынша өзара қарым-қатынас, байланыс

 

Педагог-ассистент:

6.1. Сағаттық жұмыс аптасы негізінде жасалған кесте және мектеп директоры бекіткен жоспар бойынша жұмыс істейді.

6.2. Педагог-ассистентсабақ барысында балаға көмектесе отырып, үнемі баламен мұғалім арасын байланыстырып отырады.

6.3. Инклюзивті білім беру процесіне қатысушылар арасындағы қақтығыстардың алдын алуға қатысады.

6.4. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына өз қызметі туралы жазбаша түрде есеп беріп отырады.

6.5. Мектеп әкімшілігінен нормативтік-құқықтық және ұйымдық-әдістемелік сипатта ақпараттар алады, тиісті құжаттармен қол қоя отырып танысады.

6.6. Мұғалімдермен, оқушының ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) тығыз бірлестікте жұмыс істейді; мектеп әкімшілігімен және педогог қызметкерлерімен өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша жүйелі түрде ақпарат алмасып отырады.

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ                                                

Кәсіподақ ұйымының                              

төрайымы  _________

(қолы)                                          

«___» _______ 2022 ж. 

 

Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым:

_________________ /

«___» _______ 2022 ж.