Размер шрифта:

Служебная должность заместителей директора по воспитательной работе

Дата: 2023-12-05 10:09:22

 

 

 

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларыныңқызметтік лауазымы

                                                    1. Жалпы ережелер

  1.1   «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №169 бұйрығы, мектеп жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелері және Балқаш қаласы «№24 мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жергілікті нормативтік актілер негізінде жасалды.

 1.2. Директордың тәрбие жұмысыжөніндегі орынбасары қызметке директоры тарапынан тағайындалады және босатылады.

 1.3. Кезекті еңбек демалысына шыққанда немесе уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайында болғанда оның міндеттері директордың өзге орынбасарларына немесе оқу-тәрбие  ісі жөніндегі орынбасарына, болмаса неғұрлым тәжірибелі педагогтердің біріне жүктелуі мүмкін.Мұндай жағдайларда міндеттерді  уақытша атқару директорының ҚР Еңбек кодексі талаптарын сақтай отырып  шығарған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

1.4. Директордың тәрбие жұмысы  жөніндегі орынбасары, әдетте, жоғары педагогикалық  білім және 3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс стажы болуы тиіс.

1.5. Директордың  тәрбие жұмысы  жөніндегі орынбасары  тікелей директорына бағынады.

1.6. Директордың  тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына педагогикалық қызметкерлер мен оқушылар тікелей бағынады.

1.7  Білуге тиісті:

         Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

       педагогика және психология негіздерін,

       "Рухани жаңғыру", "Құндылықтарға негізделген білім беру" бағдарламаларын    

        іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін,  мемлекеттік     

        жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

       педагогикалықғылым мен практиканың  жетістіктерін, экономика, қаржы-       

       шаруашылық  қызметн  егіздерін, еңбекті  қорғау, техника қауіпсіздігі және

      өртке қарсы қорғау ережелері мен   нормаларды.

1.8. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары компьютерді және басқа да ақпараттық – коммуникациялық  технологиялар мен ғаламдық Internet желісін қолданудың тиімді тәсілдерін меңгеруі тиіс.

1.9    Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі;

      оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – мастер" санатының болуы.

2. Функциялары.

  Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары атқаратын негізгі кызмет бағыттары мыналар болып табылады:

  2.1. Тәрбие процесін жүйелі ұйымдастыру  және оны жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелеріне, ҚР заңнамасына сәйкес басқару.

  2.2. Бала құқықтарын сақтау және жүзеге асыру.

  2.3. Жасөспірімдер  арасындағы  құқық бұзушылықтардың  алдын алуға  байланысты жұмыстарды ұйымдастыру.

  2.4. Өз құзіреті аясында полицейіне, әлеуметтік педагогқа, психологқа, кезекші мұғалімге, вожатыйға қосымша білім беру педагогтарына және сынып жетекшілеріне өкілеттік беру.

3. Лауазымдық міндеттері

  3.1   Сынып және жалпы мектеп ата-аналары комитеттерінің жұмысын үйлестіреді;

3.2  Тәрбие үрдісін ақпараттық жағынан қамтамасыз етеді;

3.3  Мектепте байқаулар, мерекелер, ұжымдық  шығармашылық істердің  өткізілуіне жауап береді;

3.4  Жалпы мектеп көрмелерін, сынақтарын, байқауларын, демалыс кештерін, жалпы мектептік мерекелерді, оқушылар жорықтары мен экскурсияларын ұйымдастырады;

3.5  Каникулда оқушылар демалысының мазмұнды болуын ойластырады;

3.6 Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу бағдарламаларын әзірлеумен айналысады.

3.7   Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру

  3.8  Дебаттық қозғалысты дамытады.

  3.9   Құқық қорғау органдарына және білім беру ұйымының басшылығына                             

          қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді    

          (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлауға міндетті

3.10  жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірлесіп кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу;

3.11  сынып оқушылары үшін "KASIPTEST" автоматтандырылған жүйесінде мектеп оқушылары үшін online-диагностика жүргізу;

3.12 жалпы білім беретін мектептерде кәсіптік бағдарлау кабинеттерін ашу және олардың қызметін үйлестіру;

3.13 «Түлектер тақтасы» жобасы бойынша ақпаратты өзектендіру;

3.14 ТжКБ ұйымдарына кәсіби сынамадан өткен талапкерлерді қабылдау мониторингісін жүргізу;

3.15   жаппай кәсіптік бағдарлау іс-шараларын (ашық есік күндері, айлықтар, кәсіптік     бағдар беру онкүндіктері, кәсіп/мамандық күндері, тиісті конференциялар және т. б.) ұйымдастыру және өткізу;

3.16 түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, «мектеп-ЖОО», «мектеп-колледж-ЖОО», «колледж-ЖОО» үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу жоспарлары бойынша оқытуды, ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз ету.

3.17.Аутодистругтивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыстар

                                                            4. Құқықтары

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары өз құзіреті аясында мыналарға құқылы:

 4.1. Директоры уақытша болмаған кезеде оның міндеттерін атқаруға.

Міндеттерді орындау ҚР заңнамасына, жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес директордың бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

   4.2. Тікелей қол астындағы қызметкерлерге міндетті түрде орындалуға тиісті өкімдер беруге.

   4.3. Оқушыларымен өткізілетін кез келген сабаққа қатысуға (сабақ басталғаннан  кейін шұғыл қажеттіліксіз сыныпқа кіру және сабақ кезінде мұғалімге ескерту жасау құқығынсыз).

   4.4. Оқушыларды оқу процесіне кері ықпал ететін қылықтары үшін жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелерінде белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартуға.

4.5. Қызметкерлерінен тәрбие жұмыстарының технологияларын, кәсіби этика нормалары мен талаптарын сақтауды, мектеп қауымдастығы  қабылданған жоспарлар мен бағдарламаларды (міндетті және инновациялық сипаттағы) орындауды талап етуге.

 4.6. Оқушылар контингентін жасақтау ісіне атсалысуға.

 4.7. Өз біліктілігін арттыруға.

5.Жауапкершілігі

5.1.  Жарғы мен  Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, директорының  бұйрықтары мен заңды өкімдерін  немесе өзге де жергілікті нормативтік актілерді,  осы нұсқаулықта көрсетілген лауазымдық міндеттерді, дәлелді себептерсіз орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, оның ішінде өзіне берілген құқықтарды  пайдаланбағаны  үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  еңбек  заңнамасында  белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

5.2.Еңбек міндеттерін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза ретінде лауазымынан төмендетілуі немесе босатылуы мүмкін.

5.3.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға, протекционизмге,       непотизмге және жақын туыстарына тікелей бағынуға жағдай жасаудың жол берілмеуі туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтау.

5.4.«Педагог мәртебесі туралы» Заңның 15-бабы 1-тармағының 10-тармақшасына сәйкес құқық қорғау органдарына және жоғары тұрған басшылыққа кәмелетке толмағандардың немесе оларға қарсы заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) фактілері туралы қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс кәсіби қызметке байланысты оған белгілі болған.

5.5.«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес білім беру ұйымдарындағы заңсыз миссионерлік қызметі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады

6.Өзара-қарым-қатынас және лауазымды бойынша байланыстар.

6.1. Өзара әрекеттестікте жұмыс жүргізеді:

-   педагогикалық кеңесімен;                    

-   ата-аналар комитетімен;

-   директордың орынбасарларымен;

-   мұғалімдермен;

-   медициналық, әлеуметтік және психологиялық қызмет орындарымен;

-   бас бухгалтермен;

-   хатшы, іс-қағаздарын жүргізушімен;

-   кітапхана меңгерушісімен;

-   техникалық персоналмен.

6.2. Сағаттық жұмыс аптасы бойынша жасалған кестеге сәйкес нормаланбаған жұмыс режімінде еңбек етеді.

6.3. Өз жұмысын әр оқу жылы  мен оқу тоқсанына арнап, жоғары тұрған орындар жоспарларына қарай дербес жоспарлайды.

6.4. Директорға қажетті ақпараттық және есеп беру құжаттамаларын уақтылы ұсынып отырады.

6.5. Директорынан нормативтік-құқықтық және ұйымдық-әдістемелік сипатта ақпараттар алады, тиісті құжаттармен қол қоя отырып танысады.

6.6. Қызметкерлеріне жүйелі түрде олардың құзырына кіретін білім беру қызметі мәселелері бойынша ақпараттар беріп отырады.

6.7. Директорды оқушылар мен қызметкерлердің өміріне, денсаулығына қатычсты орын алған барлық төтенше жағдайлар жайлы хабардар етіп отырады.

КЕЛІСІЛДІ :            

Кәсіподақ ұйымының                                   

төрайымы                

Д.Н. Самбетова                                   

«___» _______ 2021 ж.    

  Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым:

     ____________________ /  Г.М. Кулымжанова