Егер балаңыз өтірік айтса...
Егер балаңыз өтірік айтса...
- Қандайда болмасын балаңызды сол күйінде жақсы көріңіз.
- Балаңызды шыншылдыққа үйрету үшін бірінші өзіңіз шыншыл болыңыз. Бала өтірік айтумен сіз келіспейтініңізді түсінсін, үндемей қалу да өтірік айтқанмен бірдей білсін.
- Сіздің қарым-қатынасыңыз жақын болоғанда? Ол өзіне деген өтірік айтқысы келетін сезімдері мен ойлары пайда болады.
- Жиі мақтаңыз, баланың көңілін көтеріңіз, жақсы істерін марапаттаңыз.
- Егер баланың өтірік айтқанын сезсеңіз, баламен ашық сөйлесу арқылы өтірік айтудың мақсаты неде екенін аңғарыңыз.
- Өтірік айтудың арны мына мәселелерге әкеліп соғады:
Мақтау үшіне не үлкендердің өзіне деген махаббатын иелену үшін.
Өзінің кінәсін жасыру үшін.
Жазалаудан қашу үшін.
Өтірік айту арқылы қастасуды шешу.
- Өтірік айтудың себебін білген болсаңыз балаңыздың мәселесін шешуге көмектесіңіз.
- Өзінің өтірік айтқаны жөнінде кінәсін мойындап өзіне баға бере білсе жазаламаңыз.
- Баланың өзін-өзі бағалауын түсірмеу, сізге байланысты екенін ұмытпаңыз.
Егер баланың бойын үрей билеп қорқыныш сезінсе!
- Балаңыз қандай болса сол бетінше қабылдап, оның өзгеруіне мүмкіндік беріңіз.
- Сіздің балаңызсабырлық пен мейірімділікті үнемі сезінуі керек.
- Үрейлі эм оцияға беріле бермей болып жатқан жағдайлардың барлығына «жылы көз қараста» қарап, туындаған мәселеге зер салып баланы дұрыс тыңдап отыру қажет.
- Қорқыныш пен үрейіне түсінікпен қараңыз,; күлуші болмаңыз, күшпен қорқынышпен жоя алмайсыз.
- Шыдамды болыңыз. Егер ештеңе көмектеспесе балаға өзімен қатарлас құбылас ретінде қатынасыңыз.
- Баланы қоршаған мазасыздандыратын және тітіркендіретін адамдардан аулақ ұстаныңыз.
- Балаға қорқынышты үрей тудыратын оқиғаларды әңгімелерді кешке түгілі күндіз де айтушы болмаңыз. Газет журналдағы күнделікті болып жатқан жан түршігерлік мақалаларды оқып бермеңіз. Қорқынышты кинофильмдерді көрсетпеуге тырысыңыз.
- Баланы басқадай көңіл көтерілетін іспен шұғылдануын қадағалап отырыңыз.
- Алдын-ала болатын жағдайды баламен ойнап көріңіз. Қоздыратын үрейдің неден, неге себебін анықтап жан-жақты түсініп балаға түсіндіре білу керек.
- Шыдамды болыңыз, лезде қорытынды шықпайды, сіз үшін өте қиынға түседі.
- Егер балада қорқынышты үрей қайтпай қойса жағдайда мамандарға барыңыз.