бракераждық комиссия
Дата: 2023-09-26 08:08:03
Қарағанды облысы біілім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№ 24 мектеп-интернаты" КММ-де мектеп асханасының жаңа 2023-2024 оқу жылындағы жалпы санитарлық жағдайын, тағамның сапасын тексеру мақсатында 23.09.23жылы бракераждық комиссия мүшелері медбике Бажбенова А.К , мектеп оқушылары Балтабай Н, Азамат С, Райс М, Имандыгулов А және әлеуметтік педагог Жумажанова С.С бірге жоспарға сай тексеріс өтілді.
Күн тәртібінде:
1. Асхананың санитарлық жағдайын тексеру
2. Берілген тамақтардың мәзірге сай болуы,берілген астың мөлшерінің сай болуы
3. Тамаққа қосатын дақылдардың тазалығы,мерзімінің дұрыс болуы
4. Ыдыстардың шеттерінің ұшқанын , сынғанын қадағалау.
Бүгінгі ас мәзірі бойынша;
- салат қырық қабат және қызылша
- биточки сиыр етінен
- гречка
- Қ/б наны
- кисель
Тексеріс барысында асхананың тазалығы талапқа сай, күнделікті тағам сапалы, күніне әкелініп отырады. Ас мәзірі бекітілген, мәзір бойынша дайындалған . Ыдыс-аяқтарды тексеру барысында шеті ұшқан ыдыстар болмады.Су ішетін куллер , сусабын, таза стакандар барлығы талапқа сай бар.
Шешім бойынша мектеп асханасының санитарлық жағдайын, тағамның дайындалуын қанағаттанарлық деп есептелді.
Ұсыныс: Күнделікті ас мәзірін сапалы дайындау. Сынған ыдыстардың болмауы.