«Zhas Skills Kazakhmys - 2023»

Дата: 2022-12-26 15:55:37
«Zhas Skills Kazakhmys - 2023»

Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп –интернаты» КММ-де «Қазақмыс» корпорациясының  политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен  мектеп оқушыларына ерте кәсіптік бағдар беру бағдарламаларымен таныстыру және кәсіптік дайындықтарының негізін қалау мақсатында өткізілетін «Zhas Skills Kazakhmys-2023» чемпионатының іріктеу 1 кезең мектепішілік туры өтті. Іріктеу турының міндеттері:

-мектеп түлектеріне техникалық мамандықтардың беделін, артықшылықтарын сезіндіру; 

- мектеп оқушыларының жеке қабілеттерін және кәсіби салаға икемділігін  анықтау;

- жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру.

 

   Іріктеу олимпиадасына «Қазақмыс» политехникалық колледжінен жауапты тұлға ретінде Каанат Макулжанович келіп қатысты.