«Zhas Skills Kazakhmys - 2023»
Дата: 2022-12-26 15:55:37
![«Zhas Skills Kazakhmys - 2023»](/media/img/blog/63a96fa81863d.jpeg)
Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп –интернаты» КММ-де «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына ерте кәсіптік бағдар беру бағдарламаларымен таныстыру және кәсіптік дайындықтарының негізін қалау мақсатында өткізілетін «Zhas Skills Kazakhmys-2023» чемпионатының іріктеу 1 кезең мектепішілік туры өтті. Іріктеу турының міндеттері:
-мектеп түлектеріне техникалық мамандықтардың беделін, артықшылықтарын сезіндіру;
- мектеп оқушыларының жеке қабілеттерін және кәсіби салаға икемділігін анықтау;
- жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру.