«Қош бол ,Бастауышым!»
Дата: 2022-06-01 08:13:44
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп –интернаты» КММ-де мамыр айының 20 күні 4 «А» сыныбында «Қош бол ,Бастауышым!» атты қоштасу сынып сағаты өтті. Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл-ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланың өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп, табыстау. Сынып сағатында сынып жетекшісі жылы лебіздерін, тілектерін айтты, оқушылармен "Балық" , «Шеңберіндегі ойын» «Естеліктер» "Кім көп оқиды"«Жасырынған санды тап» ойындары ойналды. «Кім көп біледі?» ойындары, жаңылпаштар және мақал-мәтел жарысы өтті. «Ана» , «Қош бол Бастауышым» атты әндер шырқалып, «Қызықты 4 жыл» атты бейнекөрініс көрсетілді.