«Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері»
Дата: 2021-02-19 16:49:53
Тақырыбы: Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері
Мақсаты:
-
Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.
-
Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
-
Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.
-
Бүгін біз ертегілер еліне шағын саяхат жасаймыз. Біздің еліміздің негізгі құжаттарымен және оқушылардың құқықтарымен танысамыз.
-
Бірде адамдар жер шарының барлық бұрышынан бір жерге жиналуды ұйғарыпты. Біреулері шығыстан, енді біреулері солтүстіктен, оңтүстіктен, батыстан, сонымен қатар бай елдерден және кедей елдерден келіпті. Онда ер азаматтармен қатар әйелдер де болыпты. Олардың бір-бірінен айырмашылығы ұлтына, нәсіліне және де әр түрлі тілді сөйлеуімен ерекшеленіпті.
Көпшілігі соғыс жүріп жатқан жерлерден кейбіреулері өз діндерін және саяси көзқарастары үшін қадалайтын мемлекеттерден келді.
Барлығын біріктіретін бір ғана тілек:ешқашанда соғыстың болмауы, ешкімде қорқыныш пен үрейдің болмауы, ешқашан адамдарды жазықсыз кінәламау.
Сондықтан да жер бетіндегі әр адамның оның ішінде балалардың да құқық тізімдері көрсетілді. Осы құқықты білу, құрметтеу үшін олар бірігіп Заң құжатын жазды.
-
Адам баласы туғаннан бастап мемлекеттің қарамағында қорғауда болады. Себебі ол осы мемлекеттің азаматы. Сендердің де әр қайсысылардың осы мемлекеттің азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді. Ол туралы Конституцияда жазылған.
-
Конституция дегеніміз не?
Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
-
Біздің еліміз Конституция күнін қашан мерекелейді? /30 тамыз/
-
Балалар, өздерің айтқандай Конституцияда Қазақстан республикасында тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері жазылады. Осы заңға бағынатын, оны орындайтын адамдарды кімдер дейміз? /азаматтар/
-
Осы азамат деген ұғымға сендерде жатасыңдар.
Ендеше, балаларға арналған олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құжат бар. Оның аты –Конвенция деп аталады.
Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
Бұл Конвенцияда Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысатын бірнеше елдің өкілдері бірлесе отырып, осындай халықаралық шарт 1989 жылы 20-қарашада қабылданды.
Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады. Ол Конвенция 54-баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау.
Бұл БҰҰ дүниежүзілік балаларына арналған Конвенцияны басшылыққа ала отырып, біздің елімізде де «Бала құқықтары туралы» заң бар.
Ол 2002 жылы 8 тамызда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары туралы» заңына қол қойды.
Ең бастысы әр азаматтың негізгі құқығы – ол өмір сүру құқығы.
-
Бүгінгі саяхатымызда біз сендермен «Оқушының құқықтары мен міндеттері» туралы танысамыз.
«Бала құқықтары» бекеті
«Жағдаят шешу» бекеті
«Түсініктеме» бекеті
«Ертегі» бекеті
«Мәре» бекеті.
І. «Бала құқығы» - бекеті.
-
Балалар, қалай ойлайсыңдар, қай жасқа дейін азамат бала болып саналады?
-
Бала құқықтары туралы заңда 18 жасқа дейінгі азаматтарды бала деп есептейді. (кәмелетке толмаған)
-
Сендер қалай ойлайсыңдар, баланың өкілі кім?
-
Әрине, баланың қызығушылығы мен құқығын қорғайтын, тәрбиесіне, білім алуына қамқорлықты қамтамасыз ететін адамдар: ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы.
-
Бала туған кезде ата-анасы оған есімін қойып, ата-тегін береді. Осы мәлімет арнайы құжатта жазылады.
-
Ол – Туу туралы куәлік (Осы құжат сендердің тұлғаларыңды растайды).
-
Біз қай елдің азаматтарымыз? (Қазақстан Республикасының азаматтарымыз).
-
Яғни, Қазақстан өкіметі сендерге қамқор болады. Ал, енді балалар, «Бала құқықтары туралы» конвенциядағы айтылатын баланың негізгі құқытарын атап өтейікші.
-
Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар?
-
Өмір сүруге
-
Ата-тегін алуға
-
Отбасында тәрбиеленуге
-
Жеке бас бостандығына
-
Азаматтық алуға
-
Білім алуға
-
Баспана алуға
-
Дүние мүлікке
-
Демалуға
-
Денсаулықты сақтауға
-
Сөз бостандығына
-
Қоғамдық жұмыстарға араласуға
Жарайсыңдар, тамаша!
ІІІ. «Түсініктеме» бекеті.
-
Біздің үшінші бекетіміз «түсініктеме» деп аталады. Интерактивті тақтада сөздіктер жазылған. Қазір сол сөздердің мағынасын ашамыз!
-
Құқық –мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық.
-
Конституция –бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
-
Конвенция –арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
-
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) –жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым.
-
Туу туралы куәлік –баланың қашан туғанын анықтайтын негізгі құжат. Мұнда баланың туған күні, айы, жылы жазылады, сондай-ақ ата-анасының аты-жөні, ұлты, туған жері жазылады. Бұл баланың ең бірінші құжаты.
-
Азамат –жеке тұлға, ол мемлекеттің тұрақты тұрғыны және оның құқығы мен міндетінің иесі.
Жарайсыңтар!
Оқушының міндеттері:
-
Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;
-
Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;
-
Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;
-
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;
-
Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;
-
Тарихи ескерткіштерді қорғауға;
-
Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;
-
Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;
-
Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;
-
Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.