«Мектепке саяхат» профилактикалық – коррекциялық жұмыстары

Дата: 2020-11-17 11:16:51

 

1,5 сынып оқушыларымен «Мектепке саяхат» профилактикалық – коррекциялық жұмыстарын ұйымдастыру.

Тақырыбы:Мектепке саяхат

Мерзімі:қыркүйек, 2019 – 2020 оқу жылы

Мақсаты: Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердін және бастауыш буыннан орта буынға өткен оқушыларды мектеп ғимаратымен және мектеп қызметкерлерімен таныстыру.

Мектептегі 6-7 жасар баланың бойы әрі қарай өседі, салмағы артады, бұлшық еті дамиды, сүйегі қатая түседі. Осы жастағы балалар қимыл – қозғалысқа өте бейім келеді. Баланың осы табиғи қажетінің орындалуына ылғи да мүмкіндік беріп отыру керек.

Мектеп есігін ашқаннан – ақ бала психикасы белгілі арнамен дами бастайды. Мектептегі оқудың өзіндік ерекшелігі бар. Оқу бала үшін негізгі әрекет болып табылады. Оқу материалдарын орындау оған арнаулы міндет болып табылады. Мектеп табалдырығын аттағаннан кейін балаларды міндетті түрде мектеп тәртібімен, ережесімен, өзін ұстау мәдениетімен таныстыру керек, мұны профилактикалық – коррекциялық жұмыстар деп атайды. Профилактикалық – коррекциялық жұмыстар бір жағынан танымдық қабілетін дамытып, бала өзін қалай ұстау керектігін үйренсе, екінші жағынан сынып жетекшінің жұмысын жеңілдетеді.

Барысы:Ең алдымен педагог – психолог мектептің сызба – нұсқасымен таныстырады.

Балалар мен сендерге мектептің сызба – нұсқасын алып келдім. Сызба – нұсқа дегенді қалай түсінесіңдер?

Иә, бұл мектептің сызбасы. Ал, сендердің сыныптарың қай жерінде орналасқан екен?

Сызбамен таныстырылғаннан кейін, мектепті аралап шығу ұсынылады.

Медбике кабинетіне саяхат. Ең алдымен медбике кабинеті таныстырылып, ондағы құрал – жабдықтар туралы медбике ақпарат беріп өтті. Мектеп медбикесі оқушылармен денсаулық, жеке бас гигиенасы туралы әңгіме жүргізді. Одан кейін асхана, сапорт залмен таныстырылды. Одан кейін  жеке пәндер өтетін кабинеттер және пән мұғалімдері таныстырылды. Пән мұғалімдері оқушылар тарапынан қойған сұрақтарына жауап берді.