Егер балаңыз ұялшақ болса
Дата: 2020-11-17 11:12:25
Балаңызды жақсы көріңіз.
· Ұялшақ баламен мейірімді сөйлесіңіз. Ұялтпауға тырысыңыз.
· Ұялшақ баланы жиі мақтап отырыңыз. Білімі мен қабілетін ғана емес сонымен бірге сезімталдылығы мен сезімін қоса мақтаңыз.
· Ол сізден көмек сұрай алмағандықтан сіз әрдайым балаңыздан көмек сұрап отырыңыз.
· Алдын-ала болатын жағдайды, баладан не қажет екендігін түсіндіріп айту керек.
· Бала қате кетіре берсін. Есіңізде болсын бала қателесуден ұялшақтайды. Сіздер оған күлмеңіздер, ұрыспаңыздар.
· Балаңыздың жақсы жақтарын өзін бағалай білуін үйретіңіз. Мақтауды қабылдауды үйретіңіз.
· Балаңыздың баяу әрекетіне талап қойып ұрыспаңыз.
· Есіңізде ұстаңыз ұялшақ бала бәр жағдайда бірдей қабылдап, күтпеген оқиғалар оған тіпті ауыр тиеді.
· Баланы жиі құшақтап, сүйіп, сипап отырыңыз. Сіздің бұлай жасағаныңыз баланы өзін қалыптастырып емдеуге, тыныштандыруға көмектеседі.
· Баланы басқа адамдармен қарым-қатынаста болуға үйрету. Баланы жиі дүкенге, не болмаса өзіңіздің достарыңызға, көршілерге жіберіп тұрыңыз.
· Балаңыздың құрбысы ретінде сөйлесіңіз.
· Баламен ашық сөйлесіңіз. Орындалмайтын уәде бермеңіз.