Егер балаңыз ұялшақ болса

Дата: 2020-11-17 11:12:25

 

Балаңызды жақсы көріңіз.

·        Ұялшақ баламен мейірімді сөйлесіңіз. Ұялтпауға тырысыңыз.

·        Ұялшақ баланы жиі мақтап отырыңыз. Білімі мен қабілетін ғана емес сонымен бірге сезімталдылығы мен сезімін қоса мақтаңыз.

·        Ол сізден көмек сұрай алмағандықтан сіз әрдайым балаңыздан көмек сұрап отырыңыз.

·        Алдын-ала болатын жағдайды, баладан не қажет екендігін түсіндіріп айту керек.

·        Бала қате кетіре берсін. Есіңізде болсын бала қателесуден ұялшақтайды. Сіздер оған күлмеңіздер, ұрыспаңыздар.

·        Балаңыздың жақсы жақтарын өзін бағалай білуін үйретіңіз. Мақтауды қабылдауды үйретіңіз.

·        Балаңыздың баяу әрекетіне талап қойып ұрыспаңыз.

·        Есіңізде ұстаңыз ұялшақ бала бәр жағдайда бірдей қабылдап, күтпеген оқиғалар оған тіпті ауыр тиеді.

·        Баланы жиі құшақтап, сүйіп, сипап отырыңыз. Сіздің бұлай жасағаныңыз баланы өзін қалыптастырып емдеуге, тыныштандыруға көмектеседі.

·        Баланы басқа адамдармен қарым-қатынаста болуға үйрету. Баланы жиі дүкенге, не болмаса өзіңіздің достарыңызға, көршілерге жіберіп тұрыңыз.

·        Балаңыздың құрбысы ретінде сөйлесіңіз.

·        Баламен ашық сөйлесіңіз. Орындалмайтын уәде бермеңіз.