Размер шрифта:

ЖалпЖалпы білім беретін мекемелердегі кәсіби бағдар беру жұмысының мақсаты мен міндеттеріы білімЖалпы білім беретін мекемелердегі кәсіби бағдар беру жұмысының мақсаты мен міндеттері беретін мекемелердегі кәсіби бағдар беру жұмысының мақсаты мен міндеттері

Дата: 2020-09-24 11:40:20
ЖалпЖалпы білім беретін мекемелердегі кәсіби бағдар беру жұмысының мақсаты мен міндеттеріы білімЖалпы білім беретін мекемелердегі кәсіби бағдар беру жұмысының мақсаты мен міндеттері беретін мекемелердегі кәсіби бағдар беру жұмысының мақсаты мен міндеттері

Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты – оқушылардың мамандық таңдау үдерісінде тұлғаның қызығушылығ мен қабілетін еңбек нарығындағы қажеттіліктерді ескере отырып оңтайландыру.

Міндеттері:

  1. жас ерекшеліктеріне сәйкес оқудың барлық кезеңдерінде оқушыларды кәсіби ақпараттандырудың жүйелілігі.
  2. Оқушылар саналы түрде таңдау жасауы үшін оқу бағыты мен болашақ мамандығының қызметі аясында жағдай жасау.

Жалпы білім беретін мекемелердегі кәсіби бағдар жұмысының алгоритмі

  1. Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысы жөніндегі ережені зерттеп дайындау.
  2. Бұйрық бойынша кәсіби бағдар беру жұмысына жауаптыларды тағайындау.
  3. Кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша кеңес құруды ұйымдастыру, әзірлеме ережесін жасау.
  4. Аймақтағы қажеттіліктер мен мекемелер (мектептер) бағытын ескере отырып кәсіби бағдар беру кабинеттерін безендіру.
  5. Оқу орынын бітіруші түлектердің кәсіби таңдауы жайында талдау жасау.
  6. Кәсіби бағдар беру қызметіндегі әлеуметтік серіктестіктердің тізімін құрастыру.
  7. Мектептегі жалпы жоспардың бір бөлігі болатын оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарын әзірлеу.
  8. Біріккен түрде іске асатын іс – шаралар (экскурсия, кәсіби сынамалар, ТжКБ бөлімдеріндегі ашық есік күндері, шеберлік – сыныптар, байқаулар және т.б.) жоспарын құрып, әлеуметтік серіктестер және аудандық, немесе қалалық білім бөлімімен бекіту.
  9. Кәсіби бағдар беру бойынша сынып сағаттарының тізімін әзірлеу.
  10. Кәсіби бағдар беру бойынша мобилдік құрылғы «Мамандықтар навигаторы» бағдарламасы бойынша іс – шаралар өткізу.
  11. Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмыстарының нәтижелілігі жөнінде өлшемдерге сәйкес мониторинг жүргізу.

Қосымша жұмыс түрлері:

Оқу үдерісіндегі барлық субъектілердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алып, кәсіби бағдар жұмыс жоспары негізінде сыныппен бірге жұмыс жоспарын құрастыру.