Тіл жанашыры
Әлімхан Ермеков атындағы мектеп – лицейінің 11 «А» сынып оқушысы Гончаров Иван бүгін Балқаш қаласы әкімі сыйлығының «Тіл білгірі » номинациясына ие болды. Иванды тағы да бір үлкен жеңісімен құттықтаймыз! Кішкентайынан мемлекеттік тілге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігінің арқасында қазақ тілінде өткен қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі байқау, олимпиада, жарыстардың бірнеше мәрте жүлдегері бола білді. Бүгінгі марапаты - соның көрсеткіші. Иванның: « Ана тілім – орыс тілі, ата тілім – қазақ тілі» - деген сөзінің өзі тілге, халқымызға, тарихымызға деген құрметін көрсетіп, Отанының нағыз патриоты екенін тағы да дәлелдегендей. Иванға зор денсаулық тілей отыра, қанатың талмасын, алар шындарың көп болсын дейміз!