МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Дата: 2023-09-13 15:38:16
Білім беру саласындағы инновациялармен байланысты динамикалық өзгерістер мектеп әкімшілігінен білім беру процесін тиімді іске асыру үшін өзгерістерді жоспарлау мен басқаруда жаңа тәсілдерді талап етеді.
Білім беру ұйымының заманауи басшысында басқару құзыреттілігі болуы тиіс, өзінде стратегиялық көшбасшылық дағдыларын дамыта отырып, бүкіл мектеп командасының тиімді жұмыс нәтижесін көрсете алуы керек. Білім беру процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымы қызметінің барлық бағыттары бойынша мектепішілік бақылауды сапалы жоспарлау мен жүзеге асыру маңызды.
Бақылауға және жақсартуға байланысты басқарушылық міндеттерді іске асыру үшін жыл сайын әрбір мектеп "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізуге міндетті құжаттардың Тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына сәйкес мектепішілік бақылау жоспарын әзірлейді (бұдан ары - МІБ).
Мектепішілік бақылау жоспары 6 бағыттан тұрады:
1. Нормативтік құжаттардың орындалуын және талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау;
2. Оқу процесінің сапасын бақылау;
3. Оқушылардың білімдегі олқылықтарының орнын толтыру бойынша және үлгерімі төмен оқушылармен
жұмысты бақылау;
4. Оқу-зерттеу қызметі;
5. Мұғалімнің шеберлік деңгейі мен әдістемелік дайындығының жай-күйін бақылау;
6. Тәрбие процесінің сапасын, іс-шараларды өткізуді бақылау.