"Өнегелі өмір" жобасы

Дата: 2022-04-11 12:54:06
2022 жылдың 9 сәуірінде облыстық "Өнегелі өмір" жобасы аясында ZOOM платформасында 5-11 сынып оқушылары арасында сағат 11.00-де ғалым-математик, физика-математика ғылымдарының кандидаты, "ғылыми-техникалық қаржылық ақпарат орталығы" ЖШС директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі Әсет Асхат Аймағамбетовпен кездесу өтті. 
Қатысушылармен талқылауға арналған спикердің сұрақтар шеңбері: 
- Өмірлік есептерді шешудің математикалық тәсілдері.
- Қазіргі заманның өзекті жүйелі зерттеулері.
- Оқушыларды математика пәні бойынша олимпиадаларға дайындауға арналған ұсыныстар.