2021 жылдың 24 тамызында Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық тамыз кеңесі болып өтті. Мектеп-лицейімізден қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша Муканова Динара Жайнатовна «Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мәртебесін дамыту мақсаты

Дата: 2021-08-24 14:21:20
2021 жылдың 24 тамызында Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық тамыз кеңесі болып өтті. Мектеп-лицейімізден қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша Муканова Динара Жайнатовна  «Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мәртебесін дамыту мақсаты

2021 жылдың 24 тамызында Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық тамыз кеңесі болып өтті. Мектеп-лицейімізден қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша Муканова Динара Жайнатовна  «Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мәртебесін дамыту мақсатына арналған іс-шаралар» тақырыбында баяндама оқыды.  Жыл бойы қазақ тілі мәртебесін көтеруге байланысты атқарылған іс-шаралармен таныстырды. Шығармашылық жұмыстар оқушылардың  тілге деген қызығушылықтарын арттыруға, сөздік қорды байытуға, мемлекеттік тілдің  қолдану аясын кеңейтуге, көркем шығармаларды оқуға мүмкіндіктер береді.№1 мектебі КММ Кабиева Айгуль Мыктыбековна « Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында баяндама оқыды. Қашықтықтан оқыту кезінде ақпараттық технологиялаорды тиімді пайдалану жолдарын көрсетті. ЖББ №10 мектеп мұғалімі Муханова Гулназ Аскаровна «Даярлық топ бүлдіршіндерінің құзіреттіліктерін анықтау барысында қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбында баяндамасын оқыды. Баяндамасында даярлық топтарда қолданылатын тиімді әдіс – тәсілдер туралы айтты. Тамыз кеңесінің соңында қала мұғалімдері пікір алмасып,  жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.