2021 жылдың 24 тамызында Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық тамыз кеңесі болып өтті. Мектеп-лицейімізден қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша Муканова Динара Жайнатовна «Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мәртебесін дамыту мақсаты
![2021 жылдың 24 тамызында Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық тамыз кеңесі болып өтті. Мектеп-лицейімізден қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша Муканова Динара Жайнатовна «Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мәртебесін дамыту мақсаты](/media/img/blog/6124abaf6d5d4.jpeg)
2021 жылдың 24 тамызында Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық тамыз кеңесі болып өтті. Мектеп-лицейімізден қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша Муканова Динара Жайнатовна «Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мәртебесін дамыту мақсатына арналған іс-шаралар» тақырыбында баяндама оқыды. Жыл бойы қазақ тілі мәртебесін көтеруге байланысты атқарылған іс-шаралармен таныстырды. Шығармашылық жұмыстар оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыруға, сөздік қорды байытуға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге, көркем шығармаларды оқуға мүмкіндіктер береді.№1 мектебі КММ Кабиева Айгуль Мыктыбековна « Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында баяндама оқыды. Қашықтықтан оқыту кезінде ақпараттық технологиялаорды тиімді пайдалану жолдарын көрсетті. ЖББ №10 мектеп мұғалімі Муханова Гулназ Аскаровна «Даярлық топ бүлдіршіндерінің құзіреттіліктерін анықтау барысында қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбында баяндамасын оқыды. Баяндамасында даярлық топтарда қолданылатын тиімді әдіс – тәсілдер туралы айтты. Тамыз кеңесінің соңында қала мұғалімдері пікір алмасып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.