Размер шрифта:

ZOOM платформасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даныкбай Д.Б жетекшілігімен «Ертегілер әлемі» атты квест-ойыны өтті. Ойынға 5-7 сынып оқушылары белсене қатысты.

Дата: 2021-01-20 16:39:42
ZOOM платформасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даныкбай Д.Б жетекшілігімен «Ертегілер әлемі» атты квест-ойыны өтті. Ойынға 5-7 сынып оқушылары белсене қатысты.

        «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» - деп  М. Жұмабаев айтып кеткендей, бала ойын арқылы есейіп, бой жазып, еркіндікті сезінеді. Ойын арқылы бала бойындағы қорқынышты, ашуды жеңеді, шаршағанын басады және бар жан дүниесімен ашыла ойнап, қуанышқа бөленеді.Осыған байланысты, 20 қаңтар күні «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры!» атты оқу сауаттылығы апталығының аясында 17мектеп-лицейінде, ZOOM платформасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даныкбай Д.Б жетекшілігімен «Ертегілер әлемі» атты квест-ойыны өтті. Ойынға 5-7 сынып оқушылары белсене қатысты. Қатысушылар өздерінің сүйікті ертегілеріне саяхат жасай отырып, басқа да қызықты кейіпкерлермен танысты.

Мақсаты:Оқушылардың сөздік қорын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, қызығушылықтарын арттыру.

        Оқушылар әр түрлі қызықты тапсырмалар берілген аялдамалардан өтті:

1.   «Ертегідегі жұмбақ» аялдамасында ертегі және оның кейіпкерлері  жайлы жұмбақтарды шешті.

2.   «Ертегідегі әнді тап» аялдамасында  әуен қай ертегіден алынғанын тапты.

3.   « Ертегі кейіпкері» - кейіпкердің атын жинақтады.

5.  «Шешендік өнер» - бұл аялдамада оқушылар көркем оқудан жарысты. Оқушыларға жаңылтпаш беріледі. Жаңылтпашты жылдам, әрі тез оқыған оқушы көркем оқу шебері атағын алды.

6.  «Ертегідегі заттар мұрайжайы» -  заттың қай ертегі кейіпкерінікі екенін тапты.

        Квест-ойын өте қызықты өтті. Оқушылар жоғары дәрежеде білімдерін көрсете білді.

https://infourok.ru/kvest-oyini-ertegiler-lemi-3857661.

html https://balalaralemi.kz/catalog/view/1?page=2

https://www.youtube.com/watch?v=vAYbHpUTTT4