«Қазақ тілі» әдістемелік бірлестігі онкүндігінің талдауы
«Қазақ тілі» әдістемелік бірлестігі онкүндігінің талдауы
07 желтоқсан мен 15 желтоқсан аралығында қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі өтті. Декаданың тақырыбы "Тәуелсіздігім - мақтанышым". Декаданы "Қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігін әдістеме жетекшісі С.Г.Ажибаеваның жетекшілігімен Zoom платформасы арқылы пән мұғалімдеріне арналған апталық жұмыс жоспарымен таныстырды. Биылғы оқу жылындағы оқу қашықтықтан болғандықтан, апталықта өткізілетін сабақтар видеоға түсіріліп, мектептің Youtobe каналына жүктелді.
М.С.Айғазы 9.12.2020 ж күні «Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын» тақырыбында 4 сыныптарға сабақ дайындады. Мұғалім көрнекі құралдарды өте жақсы дайындады. Сабақ барысында көптеген әдістер мен тәсілдер қолданылды. Сабақ өте қызықты өтті. Сабақтың мақсаты оқушыларға құстар туралы мәлімет беру. Балаларды өз пәніне барынша қызықтыруға тырысты, қосымша материалдарды, кластерлерді құру тәсілдерін қолданды.
Д.Б. Данықбай 09.12.2020 ж күні «Аңдар» тақырыбында 1 сынып оқушыларына сабақ дайындады. Сабақ жаңа сөздерді таныстырумен басталды. Тапсырмалар орындау арқылы сабақ мақсаты ашылды. Төрт дағды жан-жақты қолданылды. Оқушылардың қызығушылықтарын ояту, есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында видеобаян көрсетілді. Оқулықтағы тапсырмалар толық қамтылды. Сабақ барысында оқушылармен кері байланыс жүргізілді. Қолпаштау әдісі қолданылды. Сабақ соңында үй жұмысы берілді, сондай-ақ рефлексия жүргізілді.
А.Е.Байрова 11.12.2020 ж күні «Су бар жерде – дәулет бар» тақырыбында 8 сынып оқушыларын сабақ дайындады. Сабақты бастамас бұрын "ой шақыру" әдісі бойынша сурет арқылы саб.тақырыбын анықтады. Жаңа сабақты түсіну, мәтінмен жұмыста қолдану мүмкіндігін арттыру үшін сөздік жұмысы болды. Мәтінмен жұмыс. Сұрақтарға қысқа-нұсқа жауаптар. Жазба жұмысында шартты рай тұлғасын орынды қолдану. Бекітуде "Ассоциация" әдісін қолданды. Сабақ мақсатына жетті.
Қ.М.Халабаева 11.12.2020 ж күні «Мынау қай жануардың мүсіні?» тақырыбында 3 сынып оқушыларын сабақ дайындады. С