«Қазақ тілі» әдістемелік бірлестігі онкүндігінің талдауы

Дата: 2020-12-31 10:14:45

«Қазақ тілі» әдістемелік бірлестігі  онкүндігінің талдауы

07 желтоқсан мен 15 желтоқсан аралығында қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі өтті. Декаданың тақырыбы "Тәуелсіздігім - мақтанышым". Декаданы "Қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігін әдістеме жетекшісі С.Г.Ажибаеваның  жетекшілігімен Zoom платформасы арқылы пән мұғалімдеріне арналған апталық жұмыс жоспарымен таныстырды. Биылғы оқу жылындағы оқу қашықтықтан болғандықтан, апталықта өткізілетін сабақтар видеоға түсіріліп, мектептің  Youtobe каналына жүктелді.

М.С.Айғазы 9.12.2020 ж күні «Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын» тақырыбында 4 сыныптарға сабақ дайындады. Мұғалім көрнекі құралдарды өте жақсы дайындады. Сабақ барысында көптеген әдістер мен тәсілдер қолданылды. Сабақ өте қызықты өтті. Сабақтың мақсаты оқушыларға құстар туралы мәлімет беру. Балаларды өз пәніне барынша қызықтыруға тырысты, қосымша материалдарды, кластерлерді құру тәсілдерін қолданды.

Д.Б. Данықбай 09.12.2020 ж күні «Аңдар» тақырыбында 1 сынып оқушыларына сабақ дайындады. Сабақ жаңа сөздерді таныстырумен басталды. Тапсырмалар орындау арқылы сабақ мақсаты ашылды. Төрт дағды жан-жақты қолданылды. Оқушылардың қызығушылықтарын ояту, есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында видеобаян көрсетілді. Оқулықтағы тапсырмалар толық қамтылды. Сабақ барысында оқушылармен кері байланыс жүргізілді. Қолпаштау әдісі қолданылды. Сабақ соңында үй жұмысы берілді, сондай-ақ рефлексия жүргізілді.

А.Е.Байрова 11.12.2020 ж күні «Су бар жерде – дәулет бар» тақырыбында 8 сынып оқушыларын сабақ дайындады.Сабақты бастамас бұрын "ой шақыру" әдісі бойынша сурет арқылы саб.тақырыбын анықтады. Жаңа сабақты түсіну, мәтінмен жұмыста қолдану мүмкіндігін арттыру үшін сөздік жұмысы болды. Мәтінмен жұмыс. Сұрақтарға қысқа-нұсқа жауаптар. Жазба жұмысында шартты рай тұлғасын орынды қолдану.  Бекітуде "Ассоциация" әдісін қолданды. Сабақ мақсатына жетті.

Қ.М.Халабаева 11.12.2020 ж күні «Мынау қай жануардың мүсіні?» тақырыбында 3 сынып оқушыларын сабақ дайындады. Сабақ жаңа сөздерді таныстырумен басталды, сондай-ақ сабақтың мақсатын ашып көрсеттік. Жазылым, айтылым, оқылым, тыңдалым дағдылары бойынша тапсырмалар орындалды. Оқушылардың қыщығушылықтарын ояту мақсатында Тақырып бойынша бейнебаян тамашаладық, көрнекілік әдісі арқылы суреттер келтірілді. Сабақ соңында оқушылар "Бағдаршам әдісі" арқылы өзін-өзі бағалады.

Д.Б. Қасенова 14.12.2020 ж күні «Ас мәзірі» тақырыбында 4 сынып оқушыларын сабақ дайындады. Сабақ жаңа сөздермен  таныстырудан басталды. Сабақта жаңартылған оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдері қолданылды: жұмбақтар жасырылды. Мәтінмен жұптасып жұмыс істеді, мағынасы бойынша қажетті сөздерді енгізді, сәйкестікті тапты, бағалау жүргізді.

Д.Ж.Муканова 14.12.2020 ж «Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым» атты 6 сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс шара өткізді. Мемлекеттік рәміздерді еске түсіріп,  еліміздің қысқаша тарихымен таныстырғаннан кейін оқушылар екі топқа бөлініп, викториналық сурақтарға жауап берді, ребустар шешті, сурет бойынша әңгіме құрастырды. Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандары жайлы видео материалмен таныстырылды. Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу жұмыстары жүргізілді.

Л.Б.Ибраимова 14.12.2020 ж күні «Ауылға барамын» тақырыбында 2 сынып оқушыларына сабақ дайындады. Оқушыларға мемлекттік тілді үйретуде тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың білім сапасын арттыруға үлес қосты. Оқушылар берілген әріптерден өз бетінше сөйлем құрастыра білуге үйренді. Өткен жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрастыра білді.

С.Г.Ажибаева «Астана Опера»  Мемлекттік опера және балет театры» тақырыбында 6 сынып оқушыларын сабақ дайындады. Жаңа тәсілдер, көптілділік, жұмыстың инновациялық формалары мен әдістерін қолданды. Сын тұрғысынан ойлау әдісі, диалогтік оқыту, жоғары тәртіп мәселелері, формативті бағалау, топтық жұмыс белсенді қолданылды. Сабақ өз мақсатына жетті.

Апталықтың соңында жасалған жұмыстардың талдауы, сабақтар мен іс-шараларды бағалау Zoom платформасы арқылы талқыланды. Мұғалімдер одан әрі жұмысқа ұсыныстар алды. Қазақ тілі мұғалімдерінің жұмысын қанағаттанарлық  деп танылды, бірақ көптеген ұсыныстар айтылды. Сабақтарда уақытты ұтымды пайдалану; Оқыту мен тәрбиелеудің қолданыстағы нысандарын жетілдіру және жаңа түрлерін, әдістері мен құралдарын енгізу ұсынылды.

 

 

ӘБ жетекшісі                                           С.Г.Ажибаева