Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары
2020 жыл қараша айының 9 -12 күндері аралығында «Дарын» ММИ ұйымдастырлаған олимпиадаға дайындық бойынша семинар өтті. Семинардың модераторы №93 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің Мойлыбекова Раушан. Раушан мұғалімнің оқушылары облыстық, республикалық олимпиадаларда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған.Семинардың мақсаты - мектеп оқушыларды олимпиадаға сапалы және жүйелі жұмыстарын ұйымдастыру және дайындау. Барлық мұғалімдерді қызықтыратын көптеген сұрақтарға, олимпиада жұмыстарын жүргізу барысында оқушылар мен олардың алдында туындайтын мәселелерге жауап берді. Олимпиадаға қатысушылардың жұмысындағы типтік қателер туралы айтып берді. Семинар мен үшін өте маңызды және танымды болды! Бұл семинардан көптеген маңызды ақпараттарды алуға болады.