Всезнайка" вариативтік бөлімінің бағдарламасы
2020 жылдың 27 мамырында Қарағанды қаласының оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған семинарға №17 мектеп-лицейінің мектеп алды даярлық сыныбының тәрбиешісі С.А.Осемляк қатысты. Ол семинарға қатысушыларды "Всезнайка" вариативтік бөлімінің бағдарламасының ұйымдастырылуымен таныстырды. Мысал сабағы ретінде, "Вариативті компоненттің үздік авторлық әзірлемесі" қалалық конкурсында үздік аталған сабағы алынды. Бұл сабақтың негізіне волонтерлік қозғалыспен танысу алынды. Жұмыстың белсенді формалары қолданылды ("Зерек" жобасының әдістері, Кюизенер таяқшалары, түрлі тәсілдермен сурет салу).Іс-әрекет түрлері үнемі ауысып отырды,барлығы танымдық белсенділікке, пәнаралық байланыстарға және денсаулық сақтауға бағытталды. Вариативтік компонент жағдайында тәрбие контентін белсенді оқыту қызметімен ұштастыру, жаңартылған мазмұн жағдайында табысты оқуға дайын балаларды дамытуға бағытталды. Светлана Александровна мектепке дейінгі дайындық сатысында балаларды өзара және өзін - өзі оқытуға үйрету маңызды екеніне баса назар аударды. Танымдық мотивацияның дамуына да маңызды рөл бөлінді. Осылайша, вариативтік компонент жағдайында тәрбие контентін белсенді оқыту қызметімен ұштастыру жаңартылған мазмұн жағдайында табысты оқуға дайын балаларды дамытуға бағытталған деген қорытынды жасалды.