Қарағанды қаласының №93 гимназиясында өткен «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша өткен семинар
30.03.2016 күні Қарағанды қаласының №93 гимназиясында өткен «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ тәжірибесін трансляцияла, кадрлық ұйымдастыру- әдістемелік басшылары мен педагогтерін оқыту мақсатында Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеры үшін оқыту семинарына біздің мектеп-лицейден МДЖ бойынша мектеп- лицей директоры К.Ш.Дубирбекова, математика- физика бағыты бойынша А.Т.Садвакасова, тілдер бөлімі бойынша Ш.Ш.Сатенова, тәрбие жағын ұйымдастыру И.Ж Жуматова қатысып, іс- тәжірибе алмасып қайтты.
Білім беру ұйымдарының директорларына арналған сексияның бірінші бөлімін Қарағанды қаласы ХББ НЗМ директорының орынбасары Дженнифер Тесоро, Ш.С. Жумабекова ұйымдастырды. Екінші бөлімінде көшбасшылық іс- әрекетте «Lesson study» зерттеу сабақтары, педагог- тәжірибесінің жетілдіру құралы «Action Research» сабақ үрдісінде бақылау іс- әрекеттері туралы топтық жұмыстар жасалып, өте тартымды, мағыналы да маңызды, қызықты өтті.
Гуманитарлық пәндер бағыты бойынша орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Б.Касымова «Оқу мақсаттарына сәйкес оқылым және тыңдалым дағдыларын дамытудың ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқып, топтық жұмыста тақырыптық тапсырмалар, мәтінмен жұмыс барысында ашық, жабық сұрақтар төңірегінде жұмыстар жасалды. Сөйлесім әрекетінің ерекше бір түрі ретінде оқылымның маңызы:
1. Тіл үйренуші оқылым арқылы бүкіл тілдік қатынасқа қажетті ақпарат алмасып, тілдік қарым-қатынаста қолданылады.
2. Оқылымның нәтижесінде әдеби, мәдени, әлеуметтік салалардағы жылдар бойы жиналған адамзаттық тәжірибелер бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, адамдардың қарым-қатынасын жетілдіреді, білімін арттырады, ішкі ой-санасын байытады. Ойлау қабілеті мықты дамыған адамның сөйлеу қабілеті де ерекше болады.
3. Оқылым әрекеті арқылы көңілге түйгенін тіл үйретуші жинақтайды, сұрыптайды, тұжырымдайды. Мұның өзі уақыт өте келе сарапқа түсіп, өмірде, ғылым мен техникада жаңа ізденістердің шығуына жол ашады. Адамның қоғамдағы рөлі артады, коммуникация процесі дамитындығы да айтылды.
«Математика пәнінен оқытуда CLIL әдісін қолдану» тақырыбындаөткізілген семинарда Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қолданып жүрген және қосымша ақпарат көздерді қолдана отырып, ең ұтымды CLIL әдісіне негізделіп құрастырылған тапсырмалар тізбегі ұсынылды. Берілген тапсырмалар жинағы сабақтарымызда үнемі қолданылып, қазақ сыныбындағы оқушылар ағылшын тілін меңгеруге қадам жасап, коммуникациялық, еркін сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына әсер тигізетіндігі айтылды.
Тәрбие жұмысы бағыты бойынша семинардың бірінші бөлімінде НЗМ мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Г.Ф. Давлетгариевтің «Ойлау дизайны: оқушылардың сабақтағы жобалау әрекеті» тақырыбындағы лекциясы тыңдалып, директордың тәрбие ісі орынбасарларына арналған сессияның екінші бөлімінде тақырыптық топтық жұмыстар жалынып, іс- шаралар құрылды.
Осымен үшінші рет барып келген тәжірибе алмасу семинарында алғас жаңалықтар оқу- тәрбие процесінде трансляцияланып жалғасын табуда.