Размер шрифта:

«Жазғы мектеп -2022» жұмысын ұйымдастыру

Дата: 2022-07-12 10:30:07

«Жазғы мектеп -2022»  жұмысын ұйымдастыру

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы  20 сәуірдегі  №159 бұйрығын және Қарағанды облысының білім басқармасының «Балқаш қаласының білім бөлімінің» 2022 жылғы 25 сәуірдегі  №123 бұйрығы, ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26.05 №240 бұйрығына қосымша «Жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды негізге ала отырып ,оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың,  оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру мақсатында 1-10 сынып білім алушылары арасында 236 баланың  ата-анасының өтініші негізінде 12 топ құрылып, жазғы мектепте оқыту ұйымдастырылды.

Жазғы мектеп бойынша сабақ кестесі құрылды, ұзақтығы 40 мин.

Жазғы мектептің мақсаты:

-оқушылардың тілдік және сөздік, сонымен қатар ойлау қабілеттерін сабақ және ойын іс-әрекеті арқылы жүзеге асыру;

-оқушылардың білімі мен шығармашылық деңгейін дамыту үшін оқушының жас ерекшелігін ескеру, басымдылыққа алу;

-білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау;

- ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру;

Бастауыш сыныптың оқушылары бойынша: SWOT  талдау

 Күшті жақтар:

  • Оқушының рухани дамуымен, ой-өрісінің кеңуіне септігін тигізуі;

  • Оқушылардың ғана емес, мұғалімдердің де тәжірибесін толықтырып,түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеруге де үлкен мүмкіндік болуы;

  • Сабақтардың түрлі локацияда өткізілуі;

  • Мүмкіндігі шектеулі балалардың да назардан тыс қалмауы;

  • Оқушылардың кітап оқуға деген құмарлығының артуы;

  • Оқушы санының артуы;

Әлсіз жақтар:

  • Қажетті ресурстардың жетіспеушілігі;

  • Оқу бөлмелерінің ысықтығы;

  • Оқу жоспарын жүзеге асырудағы тапсырмаларды дәстүрлі форматта қабылдамауы;

Мүмкіндіктер:

  • Сабақ оқуға ниет білдірген кез- келген оқушының қатыса алуы;

  • Әр оқушының жазғы демалысты қызықты әрі тиімді өткізуі;

  • Мұғалім мен  оқушы арасындағы еркіндіктің қалыптасуы;

Қауіптер:

  • Оқушы санының шамадан тыс көп болуы;

  • Ауа-райының қолайсыздығы;

  • Мүмкіндігі шектеулі балалардың болуы;

Оқу сауаттылығы бойынша :SWOT  талдау

Күшті жақтар:

  • Оқушылар ойларын еркін жеткізді

  • Оқушылар бір-біріне сұрақ қою

  • Аргументативті сөйлеу

Әлсіз жақтар:

  • Еркін сөйлеуде грамматикалық білім жетіспеушілігі

  • Эссе жазу барысында пунктуациялық қателіктер жіберуі

Мүмкіндіктер:

  • Оқушылар ойын еркін жеткізгенде белгілі-бір деректермен  келтіріп (интернет желісін пайдаланып)  ойланып жауап берсе

Қауіптер:

  • Эссе жазу барысында оқушылар дың аргументтік жауаптар болмауы;

  • Өз көз қарастарының аздығы

  • Өмірмен байланысы пікірлерінің төмендігі;

Физика пәні бойынша: 8 сыныптар

Мықты жағы

  • Түсінбеген тақырыптарды, қайта түсіндіру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, сандық және сапалық есептерді шығаруда жоғары деңгей көрсетулері;

  • Формулаларды қорытып шығару;

  • Тұрақты электр тогы бойынша тізбекті құрастыра білу.

Әлсіз жағы

  •  Есептер шығаруда математикалық амалдарды қолдана алмау;

  • Шамаларды ХБЖ  келтірген кезде дәрежелердің қасиеттерін білмеулері.

 

Мүмкіндіктер

  • Математикалық олқылықтарды жойса, білім алушалардың есептерді қатесіз шығаруларына мүмкіндіктері көп.

  • Күнделікті ұстап жүрген ұялы телефондарын дұрыс жағынан пайдаланса, түсінбеген тақырыптарын YouTube , Bilimland, Физика сияқты қосымшалардан өздеріне қажет ақпарат ала алады.

Қауіп-қатерлер

  • Білім алушылардың топпен жұмыс жасап дағдыланбағаны;

  • Білім алушылардың ойларының жинақталмауы;

  • Білім алушылардың берілген жоспар бойынша жұмыс жасауын талап етуі.

 

Физика пәні бойынша 10 сыныптар :

SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • Білім алушылардың ынтасының жоғарылығы;

  • ҰБТ тапсырмаларын талдау;

  • Теориялық материалдарды қайталау;

  • Өзара білім алмасу;

  • Контекстік тапсырмаларды талдау;

  • 7-9 сынып физика курсын қайталау.

  • Білім алушының өзінің даму деңгейлерін зерделемеуі;

  • Білім алушылардың үздіксіз білім алуға мойынсұнбауы;

  • Өз бетінше білім алуға ынтасыздығы;

  • Мектепте АКТ-ның қолдану мүмкіндігінің төмендігі.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

  • Қосымша ақпарат көздерімен жұмыс жасау (telegram, YouTube, т.б.);

  • 7-11 сынып физика оқулықтарымен жұмыс;

  • Quizizz.com тест тапсырмасымен жұмыс.

  • Өзіне деген сенімсіздік;

  • Уақытты тиімсіз пайдалану;

  • 10 А сынып білім алушылырының мамандық бойынша бейіндік пәндерін дұрыс таңдамауы;

  • Кейбір білім алушылардың теориялық білімнің төмендігі.