Размер шрифта:

Мектеп педагог-психологының жүргізілген жұмыстарының І жарты жылдық қорытындысы 2013-2014 оқу жылы

Дата: 2014-01-18 09:19:05

Жоспар бойынша 2013 оқу жылының  қыркүйек айында төмендегідей жұмыстар өткізілді.

І.1 сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңіндегі ойын әрекетінен оқу әрекетіне ауысуы бақыланды.

2013 жылдың қазан айында  1 А, 1Ә, 1Б, 1В, 1Г сынып оқушыларының мектепке бейімделукезеңіндегі  ойын әрекетінен оқу әрекетіне ауысуын  бақылау жүргізілді.

         Мақсаты: оқушылардың мектепке бейімделу деңгейін, бейімделуінде қиындықтары бар балаларды анықтау, баланың мұғаліммен қарым-қатынасының, құрдастар тобындағы әлеуметтік жағдайының қолайлы болуына жағдай жасау.

 Мектеп ұжымымен « Жаңа оқу жылың жағымды бастайық!» мұғалімдерге арналған психологиялық ойын өтті. 2013 жылдың қыркүйек айында «Жаңа оқу жылын жағымды бастайық!» мұғалімдерге арналған  психологиялық ойын жүргізілді

ІІІ. Бірінші сынып оқушыларымен мектепке дайындықты анықтаумақсатында Керн- Йирасик тестісі алынды.Мақсаты-оқушылардың мектепке психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін байқау.1-сыныптардан 130 оқушы сынақтан өтті. Сынақ қорытындысы бойынша оқушылардың мектепке психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін төмендегі кестеден байқауға болады.

 Мектепке  психологиялық дайындығы

1"А"

1"Ә"

1"Б"

1"В"

1"Г"

 Өте жоғары деңгей

7%

13%

8%

12%

6%

Жоғары деңгей

42%

39%

29%

34%

24%

Орташаданжоғары деңгей

25%

39%

25%

12%

36%

Орта деңгей

26%

9%

38%

23%

34%

Төмен деңгей

-

-

-

19%

-

2013 оқу жылында 1 сыныптар аралығында « Отбасымен білім ордасының бірлігі»  атты ата- аналар жиналысы өтті.

Психологтар ата- аналармен танысып,  ата- аналарға «  Баланың бірінші сыныпқа баруы» баяндама оқылып, кеңес беріліп, жаднама таратылды.

1А,1Ә,1В,1Б,1Г  сынып оқушыларымен « Менің отбасым» тақырыбында проективтік тест алынды.

Мақсаты: Баланың отбасындағы жай-күйі мен баланың алатын орнын,басқа мүшелермен қарым-қатынасын анықтауға негізделген.

2013 жылдың 11 қыркүйек айында мектебіміздің 1 сыныптың ата-аналарына «Бірінші сынып оқушыларының  мектепке психологиялық дайындығы» туралы баяндама оқылып, психологиялық кеңестер берілді. 2013 жылдың қыркүйек айында мектебіміздің мұғалімдеріне «Дарынды балалардың дамуының психологиялық ерекшеліктері» туралы баяндама  оқылды. Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыда дайындау. Балалардың кәсібі және жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық- педагогикалық көмек көрсету турасында ақпарат берілді.

11 А сынып оқушыларымен ҰБТ- ға оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау тренинг сабағы өтті.

Мақсаты: оқушылардың ҰБТ- ға психологиялық даярлығын қалыптастыру.

Тренинг- сабақ 3 бөлімнен өтті. Оқушылар ішкі резерв мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін- өзі бақылауды дамытты. Жаттығу барысында оқушылар күш қуатын арттырды. Тренинг сабақтан оқушылар мобильдік тез қабылдағыштық, жоғары дәрежедегі зейінді шоғырландыруды үйренді. Ең маңыздысы ҰБТ жайында ой қалыптастырды.

2013 жылдың қазан айында  1 А, 1Ә, 1Б, 1В, 1Г сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін арттыруда оқушылармен ойын жаттығулар жүргізілді. Ойын жаттығу барысында оқушылар бір- бірімен жақын қарым- қатынаста болды, ынтымақтастық атмосферасы орнады, ұйымшылдыққа, мейірімділік, тіл табысу қасиеттері дамыды. Ойын жаттығу барысында оқушылардың көңіл- күйі жоғары деңгейде болды.

Сонымен бірге 1 сынып оқушыларын мектебімізге бейімделу деңгейін арттыруда мектебіміздің « Ұлттық орталық» , « Бабалар залы», « Ерлік залы» , « Рәміздер залы» тәрбиелік мағына беретін қабаттарға саяхат жасалынды.

ІІ. 2013 жылдың қазан айында  5 А, 5 Ә, 5 Б, 5 В, 5 Г сынып оқушылары арасында « Құпия дос» психологиялық ойыны жүргізілді. Ойынның мақсаты: оқушылар арасында ынтымақтастық атмосфера орнату.Ойын барысында оқушылар бір- біріне деген сенімділік, жанашырлық, ұйымшылдық, сынып арасындағы сүйіспеншілік арта түсті. Бұл ойын оқушылардың көңілінен шықты. Оқушылар сыйлық беру арқылы өз бойындағы жақсы қасиеттерді дамыта білді.

ІІІ.2013 жылдың 5 А, 5 Ә, 5 Б, 5 В, 5 Г сынып оқушыларынан  Г. Айзенктің темпераментті анықтау сауалнамасы алынды. Сауалнама қорытындысы бойынша төмендегідей көрсеткіштер:

5 А сыныбы

Сангвиник -7

Флегматик -5

Холерик – 3

Санг. флегматик – 1

Меланхолик - 3

5 Ә сыныбы

Сангвиник -8

Флегматик -10

Холерик – 1

Меланхолик – 1

5Б сыныбы

Сангвиник - 4

Флегматик -11

Холерик – 3

Меланхолик – 2

Санг. флегматик – 1

5 В сыныбы

Сангвиник -12

Флегматик -7

Холерик – 1

Меланхолик - 1

5 Г сыныбы

Сангвиник -11

Флегматик -8

Холерик – 2

Меланхолик - 2

IV. Бесінші сынып оқушыларынан « Социометрия» методикасы алынды.Мақсаты: Сынып  оқушылары арасындағы қарым-қатынасты зерттеу. Қорытындысы 1 қосымшада

V.2013 жылыдың қазан айында 5 А, 5 Ә, 5 Б, 5 В, 5 Г сынып оқушыларынан Филипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған тест алынды. Тест қорытындысы бойынша:

5 А сыныбында

Мектептегі жалпы мазасыздық 69 %                           

Әлеуметтік стресс уайымы 27 % ;

Мақсатқа жетудегі фрустрация 4%

5 Ә  сыныбында

Мектептегі жалпы мазасыздық 77 %                           

Әлеуметтік стресс уайымы 23 % ;

5 Б сыныбында

Мектептегі жалпы мазасыздық 64 %                           

Әлеуметтік стресс уайымы 9 % ;

Мақсатқа жетудегі фрустрация 27%

5 В сыныбында

Мектептегі жалпы мазасыздық 82 %                           

Әлеуметтік стресс уайымы 14 % ;

Мақсатқа жетудегі фрустрация 4%

5 Г сыныбында

Мектептегі жалпы мазасыздық 88 %                           

Әлеуметтік стресс уайымы 4 % ;

Мақсатқа жетудегі фрустрация 8 %

VI.  Бірінші сынып оқушылары және ата- аналарымен « Ата- ана махаббаты» тренинг сабағы өтті.

Мақсаты: ата- ана  мен бала арасындағы қарым- қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

VI.11 А сынып оқушыларымен реактивті және тұлғалық мазасыздық деңгейін анықтау ( Ч.Д. Спилбергер- Ю.Л. Ханин) психодиагностикасының қорытындысы

І.2013 жылдың қараша  айында мектеп ұжымымен «Күйзеліс түрлері және одан құтылу жолдары» семинар өтті.

Семинар мақсаты: күйзеліс жайлы мағлұматтарды кеңейту, күйзеліс түрлерімен негізгі белгілерімен, ағза жүйесіне  әсерімен , стрессорлармен таныстыру, күйзелістен арыла білу.

Бұл семинардың қорытындысында  мұғалімдер  өздеріне стресстен құтылудың жолдарын біліп, жұмыс барысында өз бойындағы жиналған жаман эмоцияны сыртқа қалай шығаруды, өмірдегі болып жатқан жағдаяттарға қарсы тұра білу туралы мағлұматтар алды. Семинар соңында мұғалімдерге « Күйзеліспен (стресспен) күресуге дайынсыз ба?» тест қорытындысы айтылды.  « Бүгінгі сәтсіздік – ертеңгі сәттіліктің бастауы» аутотренинг өтті.

ІІ. 2013 жылдың қараша айында мектеп ұжымымен «Көңіл- күйімізді көтереміз» сергіту жаттығулары өтті.

Мақсаты:қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, жағымды қарым-қатынастықты туғызу.

Сергіту сәтінде мұғалімдердің  көңіл-күйін дамытуға арналған мынадай психологиялық жаттығулар жүргізілді:

«Сиқырлы сөздер» ойыны  2013 жылдың желтоқсан айында « Бейіміне қарай мамандық таңдау» 9 сыныптарға арналған психологиялық танымдық өтті. Мақсаты: жеке тұлғаның кәсіптік мамандықтарды деген ынта ықыластарын анықтау, кәсіптік бағдар беру. Ойын барысында оқушылар бір- біріне жақсы тіектер айта отырып, көңіл күйлерін ретке келтірді. Мамандық таңдау жасөспірім кезеңдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Әр оқушы « мен қандай мамандық иесі боламын» деген сұрақтарға пікір алмасты. « Сенімділік» , « Әріпті жалғастыр» жаттығулары жүргізілді. Мамандық таңдау барысында анкеталық сұрақтарға жауап берді.

2013 жылдың 18-19 желтоқсан айында «Облыстық ғылыми жоба жарысына, қалалық олимпиадағы қатысатын оқшылармен топтық және жекелей психологиялық тренинг- жаттығулары, әңгімелесу, релаксация, аутотренинг, кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ,

1.     Сенсорлық жаттығу;

2.     Өз- өзіңе сенімділігін арттыру жаттығулары;

3.     Би терапиясы

4.     Музыка терапиясы

5.     « Сілкіп таста» ойыны

6.      « Менің жұлдызым» аутотренинг жүргізілді.

 2013 жылдың желтоқсан айында 11 А сыныбында «Жүйке психикалық қысым мен қатаюдан арылу тәсілдері» атты түзету- жаттығулары жүргізілді. Мақсаты: өз-өзіңді қалыпқа келтіру түсінігімен таныстыру және психикалыжүйке әсерін төмендету, әдістерін түсіндіру. 

1.     Психикалық жүйке әсерін төмендету әдістері;

2.     «Сау болыңыз» жаттығу;

3.     « Ааааа» және « Иииии» жаттығу;

4.     « Сілкіп таста» ойыны:

5.     « Шынын айтсақ» ойыны

6.     « Бір- біріне жақында» жаттығу;

7.     « Стресті қалай жеңуге болады?» қысқаша дәріс

8.     « Өзіннің эмоцияларынды қалай басқаруға болады?» қысқаша дәріс

VI.2013 жылдың 3-9 желтоқсан аралығында «Жақсы сөз – жарым ырыс» тақырыбында 5 Г,5Б,6 Б,6А,8Б,6В сыныптарында тренинг-сабақ өтті.
Мақсаты: Оқушылардың жақсылық, адамгершілік, қасиеттері туралы түсініктерін дамыту.Оқушылардың ізгілік, жақсылықты бойына сіңіруге, жағымды қарым қатынас жасай білуге үйрету. Сүйіспеншілікке, ойлылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.