«Мейірім төккен ана» атты кітап бұрышы, кітапханалық сағаты туралы
Дата: 2020-02-05 17:20:11
2020 жылдың 5 ақпанында мектеп кітапханашысы Г.Кәрімнің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» апталығының аясында «Мейірім төккен ана» атты кітап бұрышы ұйымдастырылып,кітапханалық сағат өткізілді. Іс-шараға 3 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты:Мейірімділік ұғымы туралы түсініктерін кеңейту,адамгершілікке,сыйластыққа,бір-біріне деген сүйіспеншілікке,имандылыққа,шыншылдыққа тәрбиелеу.Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату,жақсы-жаманды ажырата білуге,адамдық қасиеттерді игеруге ықпал ету.