1-мамыр мерекесіне орай «Ынтымағы жарасқан ел» атты салтанатты жиын ақпары
Мектеп оқушыларын туған елін, жерін сүюге және әр ұлтты құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында 1-мамыр мерекесіне орай, «Татулық - достықтың киелі бесігі» атты мерекелік салтанатты жиын өтті.Салтанатты жиынға қаламыздағы неміс этномәдени орталығының мүшелері қатысты. Жиында мектеп директоры Г.Әби мерекелік құттықтау айтып, 1- мамыр ынтымақ пен бірлік күнімен құттықтады. Салтанатты жиын мектеп оқушыларының 5 сынып оқушыларының орындауында «Ақ көгершін» атты әнімен жалғасты. Сондай-ақ, оқушылар іс-шара барысында, әр ұлттың биін билеп, мерекелік әндер шырқалды. Салтанатты жиын соңында жүргізушілер барша оқушыларымыз бен ұстаздарымызға мерекеде шынайы көңіл мен бақыт-береке тіледі.1-11 сыныптарда «Бір шаңырақ астында» тақырыбында сынып сағаттары өтті.