1-мамыр мерекесіне орай «Ынтымағы жарасқан ел» атты салтанатты жиын ақпары

Дата: 2018-04-30 09:43:59
1-мамыр мерекесіне орай «Ынтымағы жарасқан ел» атты салтанатты жиын ақпары

Мектеп  оқушыларын  туған елін, жерін сүюге және әр ұлтты құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында 1-мамыр мерекесіне орай, «Татулық - достықтың киелі бесігі» атты мерекелік  салтанатты жиын өтті.Салтанатты жиынға қаламыздағы неміс этномәдени орталығының мүшелері қатысты. Жиында мектеп директоры Г.Әби мерекелік  құттықтау айтып, 1- мамыр ынтымақ пен бірлік күнімен құттықтады. Салтанатты жиын мектеп оқушыларының 5 сынып оқушыларының орындауында «Ақ көгершін» атты әнімен  жалғасты. Сондай-ақ, оқушылар іс-шара барысында, әр ұлттың биін билеп, мерекелік  әндер шырқалды. Салтанатты жиын соңында жүргізушілер барша оқушыларымыз бен ұстаздарымызға мерекеде шынайы көңіл мен бақыт-береке тіледі.1-11 сыныптарда «Бір шаңырақ астында» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

Автор: №9 ОМ