Размер шрифта:

«Ұлттыққазына» аттықалалық кітапшалар презентациясы

Дата: 2018-03-14 17:12:45
«Ұлттыққазына» аттықалалық кітапшалар презентациясы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында бірнеше жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруды ұсынған еді. Соның бірі  -  «Туған жер» бағдарламасы. Аталмыш жобаны жүзеге асыру барысында жоспарланған «Ұлттық қазына» атты қалалық кітапшалар презентациясы өтті. Мектебіміздің оқушылары қатысып  «Туған жер» тақырыбы аясында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарын көпшілік назарына ұсынып, шығарылған жинақтарын, кітапшалары мен күнтізбелерін, мультимедиалық дискілерін жан-жақты зерделеп өтті. Тақырыпты ашу барысында қатысушылардың тек туған өлкеміз Балқаш қаласымен ғана шектеліп қалмай, республика көлемінде тың ізденістердің жүргізілгені анық байқалды. Осы шараның өткізілуі жастарымыздың рухани кемелденуіне бірден-бір қосқан үлесі деп айтуға болады.

Автор: №9 ОМ