Өрт қауіпсіздігі сипатындағы эвакуациялық оқу-жаттығуының ақпары.
Балқаш қалалық төтенше жағдайлар басқармасының 30.05.2017 жылғы №18/848хатына сәйкес мектебімізде жоспар бойынша 10.11.2017 жылы 15.30 өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өткізілді.Оқу-жаттығуға дайындық кезеңінде яғни 5-маусым күні алдын-ала мектебіміздің азаматтық қорғаныс басшылық құрамымен,комиссия мүшелерімен іс-әрекет жоспары таныстырылып,міндеттер қойылды яғни жаттығу орнын дайындау,қауіпсіздік ережелерін сақтау,нұсқаулықтармен арнайы әдебиеттермен танысу жаттығуға қатысушы құраммен нұсқаулық жүргізу. Алдын-ала құрылған жоспар бойынша мектептің әрбір қабаттарында кезекші мұғалімдер тағайындалды.Оқу-жаттығу барысында оқушылардың қауіпсіздігіне басты назар аударылды.Оқиға бойынша 15.30 сағат мұғалім мектебіміздің үшінші қабатында орналасқан 26кабинетте түтін шығып,өрт болыпжатқаны туралы мектеп күзетшісіне хабарлайды.Күзетші тез арада байланыс құралдары арқылы 101телефонына өрт сөндірушілерге хабарлады.Сонымен бірге өрт дабыл сигналын іске қосты. Азаматтық қорғаныс комиссия мүшелері нұсқаулық бойынша әрекет етіп,оқушылардың мұғалімдердің белгіленген маршрут бойынша сыртқа шығуын мектепте ешшкімнің қалмауын қадағалады. Өрт сөндіру командасы сигналды естіген бетте оқиға бойынша 26 кабинетте өртті сөндіруге кірісті.Мектеп күзетшісі өрт сөндіру автокөлігі мектеп ауласына кіру үшін қақпаны ашып, өрт сөндіру командасына өрт сөндіруге көмектесті. Жалпы оқушылар мен қызметкерлердің мектеп ғимаратын тастап шығуға 3 минут.32 сек уақыт жұмсалды. Оқушылар мен мектеп қызметкерлері қауіпсіз аймаққа шығарылып сынып бойынша түгенделді. Жаттығу соңы мектеп басшылығымен талқыланып, жіберілген кемшіліктер бойынша ескертулер жасалды.