Зайырлы мемлекет және биік руханият
Дата: 2017-10-24 03:58:17
18 қазан елімізде «Рухани келісім» күні деп атап өтіледі. Бұл атаулы күн 1992 жылдың 18-қазанында Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі өткен күнен басталады. Осы айтулы мерекеге орай қазан айының 14-күні кітапханада «Зайырлы мемлекет және биік руханият» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқырмандардың бойына гуманистік дүниетанымның негіздерін, рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету.
Көрмеге мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар мен осы тақырыпқа байланысты кітаптар қойылды.