«Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында өткізілетін Абай оқуларының он күндігі іс – шаралар ақпараты
2017 жылдың 18 қазанында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Н.Б.Бекмурзаеваның ұйымдастыруымен 11 сынып оқушылар арасында "Заңғар тұлғадан ғибрат" тақырыбында ғылыми - практикалық конференция өтті.
Мақсаты: Оқушыларды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, елін сүюге, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында пән мұғалімі дүниеге қазақ перзенті болып туып, адамзат перзенті болып аттанған М.О.Әуезов тағдыры – талай ақиқатқа қапысыз көз жеткізетін тағылым мектебі туралы, заманмен бірге тебіреніп, мәңгілікпен үндесе білудің айқын өнегесі туралы шолу жасап өтті. Жазушы туралы деректер бейнебаяннан көрсетілді. 11 - сынып оқушылар баяндамалар оқып, ой пікірлерін ортаға салып, бөлісті.
Конференция соңында оқушылар өзара пікір алмасып, түйген ойларын ортаға салды. Заңғар тұлғаның ғибратты ғұмыры туралы білген жаңалықтарымен бөлісті. Келер ғасырда да кемелдене беретiн кемеңгер М.Әуезов – тек сiз бен бiздiң ғана емес, әлi дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игiлiгi, өлшеусiз бақыты. 21 қазан күні Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар» рухани жаңғыру» бағдарламалық аясында «Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім тақырыбында 7-9 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың және Мұхтар Әуезовтың мол мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.