«Мәңгілік елдің - мәңгілік тілі» атты тілдер мерекесі апталығында өткізілген іс - шаралар

Дата: 2017-10-05 17:31:49
«Мәңгілік елдің - мәңгілік тілі» атты тілдер мерекесі апталығында өткізілген іс - шаралар

2017 жылдың 20 – 30 қыркүйегі аралығында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстан халықтарының тілдері мәртебесін көтеру мақсатында  жалпы білім беретін №9 орта мектебінде  2– 11 сыныптар аралығында «Мәңгілік елдің - мәңгілік тілі»тақырыбында тілдер апталығы болып өтті. Тілдер апталығында бірнеше іс – шаралар ұйымдастырылды.

          20 қыркүйек күні тілдер апталығының ашылу салтанаты болды. Апталықты қазақ тілі пән бірлестігінің жетекшісі Н.Б.Бекмурзаева құттықтау сөзімен ашып, апталықтың іс – шара жоспарымен таныстырды. Жиында мектеп оқушылары өздерінің тілге деген құрметтерін көрсете білді.  Бұл апталық дәстүрге айналған шара.   

20.09.2017ж. кітапханада 7"А" сынып оқушыларымен «Тіл әр халықтың байлығы» атты кітап көрмесі өтті. Көрменің мақсаты оқушыларды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу, өз ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

«Мақал – сөздің азығы,жұмбақ-ойдың қазығы» сайысын 3 сыныптар арасында «Тілдер күні» апталығында  «Мың бір мақал» атты  мақал-мәтелдер сайысы өткізілді. Сайыс 5 кезеңге бөлінді. Оқушылар  3 топқа бөлініп  мақал-мәтелдер айтып, сайысқа түсті. Сайыс кезеңдерінде «Мақалды жалғастыр», «Адасқан сөздерден мақал құра»,  «Берілген сөздерді қатыстырып мақал ойла» тағы басқа қызықты тапсырмалар  орындалды. Оқушылар сайысқа белсене қатысып, нәтижесінде  3 «В» сыныбы 1 орынға, 3 «Ә» сыныбы 2 орынға , 3 «А» сыныбы 3 орынға ие болып, мақтау қағаздармен марапатталды.

"Мәңгілік елдің - мәңгілік тілі"атты спорттық эстафеталық сайыс А.Аханова, С.Салимбаева жәнеМ.Тажикееваның  ұйымдастыруымен өтті. Мақсатымыз оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру. Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Спорттық сайысы белсенділік танытқан сыныптар марапатталды.

Ж.Орынтаеваныңұйымдастыруымен "Тіл - біздің тұтастығымыз" аясында 8 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді.Еліне, дініне, тіліне деген құрметі арта түсті. Жүзі басқа жүрегі бір, тілі басқа тірегі бір басқа ұлт өкілдерімен бірлігіміз жарасып, биіктерден көріне берейік.

26  қыркүйек 2017 ж бастауыш сыныптар арасында 4 сынып мұғалімдері Д.Шакирова, А.Айгалиева, А.Түгелбек  ұйымдастыруымен  «Бабамның тілі- ұрпаққа аманат» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы болды. Сайыстың басында оқушылар тіл туралы өлеңдер оқып, тіл Заңының тарихына тоқталып өтті.

М.Әуезовтың - 120 жыл ғылыми - практикалық конференцияны 11 сынып оқушыларымен біріге отырып, кітапханашы Р.С.Каукербекованың ұйымдастыруымен.Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер Мұхтар Омарханұлы Әуезов - кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі.Заңғар тұлғаның ғибратты ғұмыры туралы білген жаңалықтарынан баяндамалар оқылды.

"Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім"атты әдеби сазды кеш  5 сыныптар арасында Н.Бекмурзаеваның ұйымдастыруымен өтті. Мақсаты: Ана тілін сүюге, ардақтай білуге тәрбиелеу, өз ойын толық жеткізе алатын білімді, саналы, сауатты, жан-жақты рухани бай жеке тұлға тәрбиелеу. Бірі шырқап ән айтса, бірі мың бұралып би билеп, енді бірі нақышына келтіріп өлеңдерін оқыды. Сонымен қоса, мақал - мәтел, жұмбақтардан да жарыс өтті.

                                  

Автор: СШ №9