Ардагерлерге сый – құрмет көрсету іс- шараларының ақпараты
Қарты бардың қазынасы бар демекші жыл сайын қатары сиреп бара жатқан ардагерлер мен жылдар жүзіне із қалдырған қарттарға деген қамқорлық аясы да кеңейе түсуде. Өмірінің көбі кетіп, азы қалған ардагер қарттарымызға құрмет көрсету – ұлттық дәстүрімізге сай келетін тамаша іс. Үлкенін сыйлап, қариясын құрметтеп өскен қазақылық қанына сіңген дәстүріміз жалғасуда. Жбб №9 орта мектебіне 14 ардагер бөлінген сыныптар сынып жетекшілермен бірге қайырымдылық жұмыстар көрсетеді. Атаулы күндер қарттарымызға ай сайын жылдағы әдет бойынша әр сынып жетекшілері мен оқушылары қарттарымызға өз сый - құрметтерін көрсетіп, оларды сынып сағаттарына шақырды. Жапырақ жайған бәйтеректей, айналаға жүрек жылуын шашып, мейірімділік пен бауырмалдықтың үлгісін танытып, өркен жайып жүрген қарттарымыз аман болғай.