Ардагерлерге сый – құрмет көрсету іс- шараларының ақпараты

Дата: 2017-10-05 17:16:59
Ардагерлерге сый – құрмет көрсету іс- шараларының ақпараты

Қарты бардың қазынасы бар демекші жыл сайын қатары сиреп бара жатқан ардагерлер мен жылдар жүзіне із қалдырған қарттарға деген  қамқорлық аясы да кеңейе түсуде. ­­­Өмірінің көбі кетіп, азы қалған ардагер қарттарымызға құрмет көрсету – ұлттық дәстүрімізге сай келетін тамаша іс. Үлкенін сыйлап, қариясын құрметтеп өскен қазақылық қанына сіңген дәстүріміз жалғасуда. Жбб №9 орта мектебіне 14 ардагер бөлінген  сыныптар сынып жетекшілермен бірге қайырымдылық жұмыстар көрсетеді. Атаулы күндер қарттарымызға ай сайын  жылдағы әдет бойынша әр сынып жетекшілері мен оқушылары  қарттарымызға өз сый - құрметтерін көрсетіп,  оларды сынып сағаттарына шақырды. Жапырақ жайған бәйтеректей, айналаға жүрек жылуын шашып, мейірімділік пен бауырмалдықтың үлгісін танытып, өркен жайып жүрген қарттарымыз аман болғай.

Автор: №9 ОМ