«Отбасы-бақыт мекені» іс-шаралар ақпараты
Жеке тұлғаны отбасыға деген сүйіспеншілік сезімінарттыру, құрметтеу мақсатында 5-11.09 аралығында іс-шаралар жоспары құрылып, жоспарға сай шаралар ұйымдастырылды.
5.09 күні «Отбасы-бақыт мекені» ақпарат стендісі безендірілді. «Әулет шынары» суреттер көрмесі. «Менің жанұям» фото-галлерея, «Әулет мақтанышы» шығармалар байқауы 2-4,5-8 сыныптар арасында ұйымдастырылды. 8.09 күні «Мақтанышым тірегім- Отбасым» кітаптар көрмесі мектептің І қабат дәлізінде қойылды.Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акцияларын өткізілді.«Отбасы құндылықтары» тақырыбында дөңгелек үстелдер өтті.
«Отбасы – ошақ қасы» тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді. «Әулет шынары» суреттер байқауы бойынша бастауыш сыныптың белсенді оқушылары мақтау қағаздарымен марапатталды.