11 сынып түлектеріне арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау-2017! атты мерекелік жиынның ақпараты
2017 оқу жылындағы 25 мамыр күні сағат 10.00-де 11 сынып түлектеріне арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау-2017!» атты мерекелік жиынның жоспары, бағдарламасы бекітіліп, жоспарға сай мектеппен қоштасудың іс-шаралары ұйымдастырылды. 3 қабатта орналасқан Мәжіліс залы соңғы қоңырауды өткізуге арнайы безендірілді.
Мерекелік жиынға «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімінің» басшысының орынбасары Тлеулесова Жанат Маратовна, Білім бөлімінің бас маманы Айтжанова Бақыт Сүндетовна,10 сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар қатысты.
Сынып жетекшісі – Сынып жетекшісі Егембердиева Сәуле Маликовна. бастаған 2016-2017 оқу жылындағы 11 түлектің жетістіктерін айтып қарсы алды.Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен бастау алды. Келген қонақтар жиналған қауымға таныстырылып, директордың міндетін атқарушы Ботаханова Сәуле Төлегеновна 11 сынып түлектеріне құттықтау тілектерін арнады. Ол 11 жыл бойы мектептің қоғамдық жұмыстарына қатысқан ата-аналарға алғысын білдірді.
Мерекелік жиында 3 сынып бүлдіршіндері түлектерге арналған өлеңдер, әндер орындап, арнайы сыйлықтарын тарту етті. 11 сынып түлектері мектеппен қоштасу әндерін орындап, мұғалімдерге алғыс тілектерін арнай отырып, соңынан етегін басып келе жатқан 10 сыныптың оқу озаты Тұрсынгалиева Камилаға «Білім» кілтін табыстады. Жиын соңында түлектер «Қоштасу» вальсін мың бұрала биледі. Ата-аналар ізгі тілектерін арнай отырып, мектепке алғысын жеткізді. Түлектерге «Ақ жол» жайылып, қолдарына ұстаған тілек шарлары аспанға ұшырылды.