Бастауышпен қоштасу кешінің ақпараты
Дата: 2017-05-15 04:36:14
Мамыр айының 13 – жұлдызында «Бастауышым балбұлағым» атты ертеңгілік өтті. Мерекеге мектеп әкімшілігі, 4 сынып оқушыларының ұстаздары мен ата- аналары қатысты. Оқушылар білім негізі бастауышта екендігін өздерінің алғырлығы мен зеректігі,шығармашылдығы, өнерлері, қойылымдары арқылы көрсетіп берді. Мерекелік кеш өте тартымды өтті. Мерекелік іс- шараға қатысқан ата –аналарда балаларының жетістіктеріне қуанып, 4 жыл оқытқан ұстаздарға алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл- күйде тарқасты.