«Наурыз мерекесі – 2017» іс-шараларының ақпараты
18.03 жұлдызында 4 сыныптар арасында «Жігіт сұлтаны» сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты оқушыларды ұлттық салт-дәстүрлерімізді білуге, құрметтеуге, наурыз мерекесінің маңыздылығын ұғына білуге үйрету. Сайысқа әр сыныптан 2 оқушыдан қатысты.Сайысқа қатысқан оқушылар ұлттық киімде, жақсы дайындықпен келген. Сайыста ерекше көзге түскен оқушылар дипломмен, номинациялармен марапатталды. 18.03 күні «Қош келдің Әз Наурыз!» мәнерлеп оқу сайысын сыныпжетекшілері 5а,ә,б сыныптар арасында ұйымдастырылды. 18.03 күні 10 сынып жетекшісі Елшібеков С. 8-9-10 сыныптарарасында «Қазақтың салт – дәстүрлерінен, ұлттық ойындардан» үзінді көрсету сайысын ұйымдастырды.Сайыста әр сынып қазақтың салт – дәстүрлерінен үзділер көрсетіп, Наурыз тойы тойланды. 18.03 күні«Наурыз жыл басы» тақырыппен ашық сынып сағаттары 1-11 сыныптарда өтті. Жоспарланған іс-шаралар уақытында орындалып,ақпараты жазылды.