Жалпы білім беретін №9 орта мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген «Тәуелсіздік толғауы» атты қалалық мәнерлеп оқу сайысының ақпараты
![Жалпы білім беретін №9 орта мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген «Тәуелсіздік толғауы» атты қалалық мәнерлеп оқу сайысының ақпараты](/media/img/blog/57494b7d31417.jpg)
Мамыр айының 13 жұлдызында «Тәуелсіздік толғауы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысытың мақсаты оқушылардың бойында патриоттық сезім ояту, туған елін, жерін дәріптей білуге үйрету. Сайысқа әр мектептің бастауыш буынынан 2 оқушыдан қатысты. Сайыста ерекше көзге түсіп, тәуелсіздік жайындағы толғауларды нақышына келтіре оқыған оқушыларда аз болған жоқ. Қалалық гимназия оқушысы Кумисбаева Хадис пен Абай атындағы №2 лицейдің оқушысы Сәбит Сырым I орынға лайық деп танылса, №8 орта мектеп оқушысы Арнурова Хадиджа мен №9 орта мектеп оқушысы Ғалымқызы Диляра II орынды иеленді. III орынды №15 мектеп лицейдің оқушысы Қалқаман Аслан, №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектеп оқушысы Амантаев Абылай, №5 орта мектеп оқушысы Жұмагали Мерұлан,№2 мектеп-лицей оқушысы Мұратәли Адинаға берілді. Сайысқа қатысып, белсенділік танытқан қатысушылар мадақтамамен марапатталды.