Размер шрифта:

22 ақпанда 6 «А» сыныбында «Тәуелсіздік -тәу етер жалғыз киең!» тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағатының ақпараты

Дата: 2016-02-26 04:18:50
22  ақпанда 6 «А» сыныбында «Тәуелсіздік -тәу етер жалғыз киең!» тақырыбында  өткізілген ашық тәрбие сағатының ақпараты

 2016 оқу жылының 22 ақпанында 6 «А» сыныбында  «Тәуелсіздік -тәу етер жалғыз киең!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты:  оқушыларға тәуелсіз елдің тарихы туралы мәлімет бере отырып, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты зияткерлік ойын түрінде өтті. Ойынға 6 оқушы қатыстырылды.

Ойын 4 кезеңнен тұрды:

 І.Жорға

ІІ. Бәйге

ІІІ. Дода

ІV. Әуезді әуен

Тәрбие сағаты Елбасының жолдауынан алынған қанатты сөзімен ашылды.

 «Бәйге» кезеңінде «Ой қозғау» сұрақтары берілді.  «Жорға»  кезеңінде қатысушы 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап берді. «Дода» кезеңінде қатысушы ұяшықтарды таңдап сол бойынша сұрақтарға жауап берді. «Әуезді әуен» кезеңінде қатысушыларға патриоттық әуендер жасырылып, оқушылар қандай әуен және кімнің орындауында, авторы кім екенін табуы керек болды.

Сұрақтар  еліміздің  рәміздері, атаулы даталары, жалпы тарихы бойынша қойылды. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өздеріне көптеген ақпарат алды. 

  

Автор: №9 ОМ