Энергетика және заманауи кәсіптер: болашақ маманның дағдылары

Дата: 2026-11-23 12:54:19
23.11. күні оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында «Энергетика және заманауи кәсіптер: маманға қандай дағдылар қажет» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар энергетика саласындағы заманауи мамандықтармен, жаңартылатын энергия көздерімен және жаңа технологиялардың маңызымен танысты. Ақылды электр желілері инженері, жаңартылатын энергия жүйелерінің маманы және киберқауіпсіздік сарапшысы сияқты кәсіптер туралы ақпарат берілді.
Болашақ маманға қажетті цифрлық сауаттылық, жүйелі ойлау, экологиялық жауапкершілік, топпен жұмыс істеу және жаңа технологияларды меңгеру дағдыларына назар аударылды.
Кездесу оқушылардың мамандықтар туралы түсінігін кеңейтіп, болашақ кәсібін саналы таңдауға бағыт берді.
 
Автор: №9 ОМ