«Мед сынып» жобасы: медицина мамандығына алғашқы қадам

Дата: 2026-11-23 12:48:03
2026 жылғы 17 қарашада «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Мед сынып» жобасы аясында медицина колледжінің өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – оқушыларды медицина саласымен таныстыру, медициналық мамандықтарға қызығушылығын арттыру және болашақ кәсібін саналы таңдауға бағыттау.
Кездесу барысында колледж өкілдері алғашқы көмек көрсету тәсілдерін таныстырып, жарақат кезінде таңғыш салу және жүрек-өкпе реанимациясын жасау әрекеттерін арнайы манекенде көрсетті. Оқушылар практикалық жаттығуларға қатысып, пайдалы дағдылармен танысты.
 
Автор: №9 ОМ