Болашақ мамандыққа бағдар: Шекара қызметі академиясымен онлайн кездесу

Дата: 2026-11-23 12:43:46
Болашақ мамандыққа бағыт-бағдар беру мақсатында  «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 11-сынып оқушылары ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясына оқуға түсу мәселелері бойынша онлайн кездесуге қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға академияға қабылдау талаптары, оқу мерзімі және курсанттарға жасалатын жағдайлар туралы ақпарат берілді. Тегін білім алу, толық мемлекеттік қамтамасыз ету, шәкіртақы, жатақхана және тамақтану мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар Түркияда медициналық бағыт бойынша білім алу мүмкіндігі туралы айтылды.
Кездесу оқушылардың әскери мамандықтар туралы түсінігін кеңейтіп, болашақ кәсібін саналы таңдауға бағытталды.
 
Автор: №9 ОМ