Заң және тәртіп: бала құқығы мен қауіпсіздігі
Дата: 2026-11-17 08:57:16
Мектебімізде 2026 жылдың 11 қарашасында «Дүниежүзілік балалар күніне» орай Балқаш қаласы ПБ ҚҚБ бастығының міндетін атқарушы полиция майоры А.А.Ботаханов 6 А,Ә,Б сыныптар аралығында «Заң және тәртіп» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға өз қауіпсіздіктерін, құқықтарын қорғау, мектеп ережелеріне бағыну, буллинг, кибербуллинг және қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу туралы түсіндірді. Оқушыларға заң талаптарын сақтау, жанжалдарды бейбіт жолмен шешу, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу қажеттілігі айтылды.
