Заң және тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі
Дата: 2026-11-17 08:53:45
Мектебімізде 20 қараша «Дүниежүзілік балалар күніне» орай 11.11.2026ж күні Әлеуметтік педагог А.Сұлтанмухамутқызы 5 Ә сынып оқушыларына «Заң және тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» және «Қауіпсіз маршрут» атты іс-шара өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға жол жүру қауіпсіздіктері,оқушылардың құқықтары мен міндеттері, өз құқығын қорғау мақсатын түсіндіру үшін мектептегі мысал жағдаяттар арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара соңында оқушыларға «Менің уәдем» карточкалары таратылып оқушылар өз уәделерін карточкаға жазды.
