Заң және тәртіп: қауіпсіздік пен жауапкершілік
Дата: 2026-11-17 08:51:37
Мектебімізде 2026 жылдың 10 қарашасында «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында 5-сынып оқушыларына мектеп инспекторының қатысуымен профилактикалық жиналыс өткізілді.
Кездесу барысында оқушыларға буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу, ұрлық жасау, төбелесу, өзге адамдардың құқығын бұзу және мектептегі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың әрбір әрекеті үшін жауапкершілік бар екені айтылып, оқушыларға өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы ескертілді.
