Бала құқығы және оқушы міндеті

Дата: 2026-11-16 00:52:29

«Заң және Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында 09.11.26 күні «Бала құқығы және оқушы міндеті» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға бала құқықтары, олардың заңмен қорғалуы, білім алуға, демалуға, өз ойын еркін білдіруге қатысты құқықтары түсіндірілді. Сонымен қатар оқушының мектептегі тәртібі, білім алуға жауапкершілікпен қарауы, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтауы, ұстаздар мен сыныптастарына құрмет көрсетуі сияқты міндеттері талқыланды.Сынып сағаттарында оқушылар өз құқықтарын білуімен қатар, өзгелердің құқықтарын құрметтеу, заң талаптарын сақтау және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну маңыздылығын айтты.   

Автор: №9 ОМ