Кәсіптік бағдар беру: жұмысшы мамандықтарымен танысу

Дата: 2026-11-04 09:52:52
2026 жылғы 30 қазанда №9 жалпы білім беретін мектептің 9 «Б» сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру мақсатында Қошқарбаев атындағы БКТиС колледжіне барды.
Экскурсия барысында оқушылар дәнекерлеу ісі, металлург және құрылысшы мамандықтарымен танысты. Колледждің оқу кабинеттері мен өндірістік шеберханаларын аралап, мамандықтарды меңгеруге арналған құрал-жабдықтарды көрді. Оқушыларға аталған кәсіптердің ерекшеліктері, қажетті дағдылар мен еңбек қауіпсіздігін сақтаудың маңызы туралы ақпарат берілді.
Кездесу оқушылардың жұмысшы мамандықтары туралы түсінігін кеңейтіп, болашақ кәсібін саналы таңдауға бағыт берді.
 
Автор: №9 ОМ