Кәсіптік бағдар беру: болашақ мамандыққа алғашқы қадам
Дата: 2026-11-04 09:47:52
2026 жылғы 30 қазанда кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында мектебіміздің 9 «Ә» сынып оқушылары Қошқарбаев атындағы БКТиС-ке барды.
Сапардың мақсаты – оқушыларды мамандықтар әлемімен таныстыру және болашақ мамандығын саналы таңдауға бағыт беру.
Оқушылар колледждің оқу кабинеттері мен шеберханаларын аралап, аспаздық, кондитерлік және шаштараз ісінің ерекшеліктерімен танысты. Шеберлік сабақтарына қатысып, тәтті өнімдерді безендіру мен шаш сәндеу тәсілдерін көріп, тәжірибелік жұмыстарды орындап көрді.
Танымдық сапар оқушыларға түрлі кәсіптің қыр-сырын түсінуге, өз қызығушылықтары мен қабілеттерін бағамдауға мүмкіндік берді.
